Сәтті партия

04.11.2023

Бүгін компанияның спорттық-сауықтыру кешенінде ерлер мен әйелдер арасында дойбыдан жеке біріншілік өтті.

Қызметкерлер жарысқа үлкен жауапкершілікпен және қызығушылықпен қатысты. Дойбы ережелері өте қарапайым болғанымен, ойын өте қарқынды жүрді, ондағы әр партия ерекше болды. Қарсыластың әрекеттерін талдай отырып, қатысушылар жеңіске ұмтылыстарын көрсете білді.

Ойындардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

Ерлер арасында:

1 орын – Ерденов Габдул, ТЖЖЖД;

2 орын – Абельдинов Еркебұлан, ТЖЖЖД;

3 орын – Ильясов Тахир, «Богатырь» кеніші.

Әйелдер арасында:

1 орын – Суханова Инесса, Атқарушы аппарат;

2 орын – Абылгазина Гүлназ, Атқарушы аппарат;

3 орын – Афанасьева Татьяна, Атқарушы аппарат.

Жүлдегерлер грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.


Жаңалықтар тізіміне оралу