Ескерткіш тақта орнатылды

28.10.2023

Көмір өнеркәсібі мен спорт ардагері Александр Богураевты еске алуға арналған шағын футболдан турнир «Богатырь Көмір» спорттық-сауықтыру кешенінде (ССК) өтті.

1961 жылдан бастап көмір өндіретін кәсіпорында әдіскер бола отырып, Александр Николаевич спорттық қозғалысты дамытуға бар күшін салды. Сол жылдары компания қызметкерлері оның қолдауымен әр түрлі деңгейдегі жарыстарда керемет нәтижелер көрсетті. Ол негізін қалап, бүгінде «Богатырь Көмір» жұмыскерлері мақтанышпен көтерген туы құрмет тұғырында тұр.

Шағын футбол ойыны СКК ғимараты 1991 жылы Александр Богураевтың тікелей қатысуымен салынғанын еске түсіретін ескерткіш тақтаның ашылуымен тұспа-тұс келді. Іс-шараға оның әріптестері, құрметті қонақтар, сондай-ақ құрметті кеншінің жұбайы Любовь Гавриловна мен қызы Ольга Александровна шақырылды. Қатысушылар Александр Николаевичпен қатар жұмыс істеген уақытты және оның еңбегін жылы лебізімен еске алды.

«Локомотив» және «Горняк» командаларының спорт ардагерлері қатысқан турнирдің өзі керемет болды. Залда достық атмосфера болғанымен, спорттық толқулар басым болды және құмарлықтың қызуы сезілді. Ойынның тең аяқталуы мүмкін еді. Бірақ бәрібір сәттілік пен жақсы дайындық жеңімпаз атанған «Горняк» командасының жағында болды. Екінші құрметті орынды «Локомотив» командасы иеленді.


Жаңалықтар тізіміне оралу