Кәсібилік құрметтеледі

27.10.2023

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 15 жылдығына арналған мерекелік іс-шарада Қазақстан Республикасы күніне орай үздік қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Биылғы жылы елеулі еңбегі ескеріле отырып, мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Технологиялық көлік басқармасының, ТБЖ учаскесінің бульдозер машинисті Қайырхан Базарбайұлы Арчабаев атанды. Оның барлық еңбек қызметі көмір өндіретін кәсіпорынмен байланысты. Жұмыс барысында ол өзінің барлық кәсіби қасиеттерін көрсете алды. Қайырхан Базарбайұлы алдына қойылған міндеттерді орындап қана қоймай, өз білімін жас ұрпаққа берді. Еңбекқорлығы мен жұмысқа деген көзқарасының арқасында ол бүкіл ұжымның құрметіне ие болды. Қайырхан Базарбайұлы Серіктестікке сіңірген еңбегі үшін марапаттармен аталып өтті және де «Шахтер Даңқы» белгісінің толық кавалері болып табылады.

Әріптесімізді құттықтаймыз және жұмыста жоғары жетістіктер, ұзақ жылдарға зор денсаулық, бақыт пен амандық тілейміз!


Жаңалықтар тізіміне оралу