Жұмыла кірісу

20.10.2023

Бүгін тау-кен және тау-кен металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы делегациясының «Богатырь Көмір» өкілдерімен көшпелі кездесуі өтті. Серіктестіктің мәжіліс залында өткен кеңесте қатысушылар көмір саласының проблемалық мәселелерін талқылады.

«Богатырь Көмір» бас директорының орынбасары Мирхат Мұсанап алғы сөзінде компания қауымдастықпен бірлесіп жемісті жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Ынтымақтастықтың арқасында кәсіпорын үшін маңызды міндеттерді шешілуде.

Осы жолы кеңесте де талқылауға Серіктестіктің қызметіне тікелей әсер ететін тақырыптар ұсынылды.

Танысып шығу үшін салық заңнамасы; жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану; экологиялық сала; тау-кен металлургия кешеніндегі логистика және техникалық реттеу мәселелері бойынша баяндамалар ұсынылды.

Компания мамандары олардың қызмет саласына қатысты сұрақтар қойды. Кездесу барысында оларды шешу бойынша ұсыныстар айтылды.

Ресми бөлімнен кейін қонақтар «Богатырь» кенішіне барды, онда «Богатырь» кенішінің бас технологы Сергей Дровалев өндіріс негіздері туралы айтып берді. Қонақтарға салынуы кезінде заманауи технологиялар қолданылған циклдік-толассыз кешен ерекше әсер қалдырды.


Жаңалықтар тізіміне оралу