Күзгі жолығу

14.10.2023

Қазақстан Республикасы күніне арналған жеңіл атлетикалық жарысты «Богатырь Көмір» компаниясы ұйымдастырды. Додаға барлық әуесқой спортшылар қатысты. Жарысқа жарты сағат қалғанда тіркеу үстелінің жанында үміткерлерден кезек пайда болды.

Желді, салқын ауа-райына қарамастан, бәрі көтеріңкі көңіл-күйде өткізілді. Жүгірушілерге мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Медыгат Манапов, сондай-ақ кәсіподақ ұйымдарының өкілдері Николай Попов, «Богатырь Көмір» БПҰ төрағасы, Марат Кадауов, «Бірыңғай кәсіподақ» БПҰ төрағасы құттықтау сөз сөйледі. Белгіленген уақытта старт беріліп, ондаған екібастұздық алдын ала келісілген бағыт бойынша: «Шахтер» стадионынан Пшенбаев көшесіне дейін және кері қарай жүгірді. Жеңіске деген ерік-жігер мен жақсы дене даярлығы «Күзгі кросста» шешуші роль атқарды. Жүлделі орындар келесідей бөлінді:

Әйелдер арасында 18-29 жас санаты:

1 орын Фомина Яна, Екібастұз ИнЕУ;

2 орын Полина Корел, №9 ЖОББМ;

3 орын Файзуллина Алия, №10 ЖОББМ.

30-39 жас санаты:

1 орын Татьяна Апкаева, «ПМК» ЖШС;

2 орын Гораева Ирина, «Северо-запад»; ПКФ ЖШС;

3 орын Әйгерім Әмірова, «Railways Systems KZ» ЖШС.

40-49 жас санаты:

1 орын -- Токарева Людмила, жеке кәсіпкер;

2 орын -- Баглаева Галина, «АNSA Silicon» ЖШС;

3 орын -- Башкатова Ольга, «Богатырь Көмір» ЖШС;

50 жастан жоғары:

1 орын -- Лыкова Любовь, «Қуат басқармасы» ЖШС;

2 орын -- Данилкина Татьяна, «Богатырь Көмір» ЖШС;

3 орын  -- Каримова Людмил, «Богатырь Көмір» ЖШС;

Ерлер арасында 18-29 жас санаты:

1 орын -- Ахмет Керейбаев, ППУ;

2 орын -- Вячеслав Соколов;

3 орын -- Данияр Шулькебаев, ҚТЖ ҰК АҚ

30-39 жас санаты:

1 орын -- Бауржан Бегалимов, «Восточный» кеніші;

2 орын -- Алмаз Мусаипов, «Богатырь Көмір» ЖШС;

3 орын -- Арман Конакбаев, «Восточный» кеніші.

40-49 жас санаты:

1 орын -- Серикжан Байсолтанов, «Богатырь Комир» ЖШС;

2 орын -- Темирболат Кусаинов,  №9 ЖОББМ.;

3 орын -- Виталий Жилин.

50 жастан жоғары:

1 орын -- Темирбек Барбосинов, «Восточный» кеніші;

2 орын -- Болат Морданов, «ҰҚ «ҚТЖ» АҚ;

3 орын -- Унербай Жоланов, «МАЭС-1» ЖШС.

Сондай-ақ, жарыстың ең жас қатысушысы, 10 жастағы Жасмин Бегалимова және ең егде жүгіруші - 66 жастағы Рафаэль Рагимов атап өтілді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз.


Жаңалықтар тізіміне оралу