Біздің батырлар

09.10.2023

Жарыстан «алтын» медальдармен «Богатырь» кенішінің экскаватор машинисті Александр Змазнев оралды.

Ол Қарағандыда өткен «Алтын Батыр» пауэрлифтингтен бірінші Әлем Кубогына қатысты. Турнирге Қазақстанның барлық қалаларынан ғана емес, жақын шетелден де спортшылар қатысты. «Богатырь Көмір» атынан шыққан спортшы 125 келі салмақ дәрежесінде жатып қолмен көтеру және отырып тұрудан үздік нәтиже көрсетті.

Сонымен қатар, спорттық іс-шара аясында ауыр атлет нормативтерді орындап, жатып қолмен көтеру бойынша «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағын беру туралы куәлік алды.


Жаңалықтар тізіміне оралу