ҮЛЕС ҮШІН МЫҢ АЛҒЫС!

10.02.2015

 

            Александр Вербняктың 2014 жылы Екібастұз өңірінде жасалған жұмыс бойынша есеп беру баяндамасы бірінші болып «Богатырь Көмір» компаниясы кеншілерінің алдында жасалды. Өйткені, бұл компания – жеті мыңға жуық адам еңбек ететін, қала құрушы кәсіпорын болып табылады. «Богатырь Көмір» ЖШС –Екібастұз қаласы мен Павлодар облысының әлеуметтік өміріне белсенді қатысатын, ірі салық төлеуші. 

  

          Өз есеп беруінде қала әкімі Екібастұз өңірінің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы әңгімелеп берді. Қала әкімінің күллі жұмысы «Қазақстан жолы 2050: Бір мақсат, бір Мүдде, бір болашақ»  атты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауында жүктелген нақтылы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды. Ол – экономиканы дамытып, халықтың жан-жақты іскерлік белсенділігін  арттыру, кәсіпкерлікке қолдау көрсету, әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтардың саулығы.

            Александр Вербняк өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 2013 жылмен (320,7 млрд. теңге) салыстырғанда аздап көтерілгенін және 321,1 млрд. теңгені құрағанын атап өтті.  Аталмыш көрсеткішке коммерциялық сұраныстың төмендеуіне байланысты электр энергиясын шығару және көмір өндіру көлемінің төмендеуі әсер етті.

Өнеркәсіптік өндірісті арттыруда Қазақстанды үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы маңызды рөл атқарады. Бұл бағдарламаның арқасында Екібастұз өңірінде жалпы жұмсалатын инвестиция көлемі 763 млр.-тан астам теңгені құрайтын 32 жоба жүзеге асырылуда. Маусым айында  «R.W.S BINDING» ЖШС рельстерді бекітуге арналған пластикалық элементтер шығару өндірісі, ал қыркүйек айында мыс өндіретін  және мыс концентратын шығаратын «EURASIA COPPER OPERATING» ЖШС-гі іске қосылды. Желтоқсан айында «Аяқ-Қожан» кенорнында «FonetEr-TaiAKMINING» ЖШС байыту фабрикасы және «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС-нің № 2 энергоблогы өз жұмысын бастады.

Бозшакөл кен байыту комбинатын және Екібастұз МАЭС-2 компаниясының үшінші энергоблогын салу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Шағын және орта бизнес саласын дамыту да одан әрі жалғасуда. Белсенді қызмет ететін кәсіпорындар саны 2013 жылмен салыстырғанда 17 %-ға артып, 668 бірлікті құрады. Жобаларды жүзеге асыру барысында 242 жұмыс орны құрылды.

 Өткен жылы қала басшылығы бұрынғыдай баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне аса көңіл бөлді. Кезекте тұрғандарға 141 пәтер берілді, оның 47-сі Солнечный кентінде орналасқан.

 Қала тұрғындарын көптеген жылдар бойы қинап келген лифт шаруашылығы мәселесі шешілді деуге болады. 10 жаңа жолаушылар лифтісі орнатылып, нормативтік мерзімін өтеген 39 лифтіге диагностика жүргізілді. Сондай-ақ, 56 лифтіге ағымдағы жоспарлы-алдын алу жөндеу жүргізілді. Сарапшылардың пікірінше, қаланың лифт шаруашылығы үздік шаруашылықтардың бірі болып танылған.

             Мемлекеттік тілді дамыту және оның қолдану саласы аясын кеңейту бойынша мақсатты жұмыс жалғасуда. Бұл мақсатқа фестивальдер, сайыстар, айтыстар және т.с.с.-ды өткізуге қала бюджетінен шамамен 4 млн. теңге бөлінді. Александр Вербняк «Богатырь Көмір» компаниясын қазақ тілін дамыту саласында  мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда өзгелерге үлгі көрсетіп жүргенін атап өтті. Қазақ тілін білу деңгейін көтеру үшін Компанияда жыл сайын миллион теңгеден астам қаржы бөлінеді. Мемлекеттік тілді дамыту және қолдану тобы құрылған. Қазақ тілін дамыту және қолданысқа енгізу жөнінде жаңа бағдарлама, жаңа ереже әзірленді. «Қазақ халқының  этномәдениеті кабинетін» ашу тұсаукесері өткізілді. Компанияда Қазақстан халқының тілдері күніне, Тәуелсіздік күніне және Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар жүргізіледі.  Мемлекеттік тілді табысты игерген Серіктестік қызметкерлері ынталандырылып отырады.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің қызметкерлеріне қазақ тілін үйрету үшін арнайы жабдықталған кабинет жақында тәмамдалған жыл сайынғы қалалық конкурс қорытындысы бойынша екібастұздық ұйым мен мекемелердің оқыту сыныптары арасында үздік деп танылды. Көмір алыбының өзі де өз қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді насихаттауда көшбасшы атанды.   

Әкім өзінің баяндамасында Екібастұз өңірінің ауыл шаруашылығы дамуында оңтайлы динамикасын атап көрсетті. Жалпы өнімнің көлемі 2 %-ға ұлғайды.

Сондай-ақ, қала басшысы қала өміріндегі білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, жастар саясаты секілді өзге де салалардың қайта түрленуі туралы баяндады. Өңірдің дамуына, ұлттық игіліктің сақталуына себепші болатын кәсіпорын ретінде «БК» ЖШС-нің маңызды үлесін айрықша атады. Серіктестік жыл сайын осындай игі мақсаттарға 220 млн.теңгеден аса жұмсайды.

 Әлеуметтік көмек ең алдымен халықтың әлеуметті түрде қорғалмаған топтарына, атап айтқанда ҰОС ардагерлеріне, мүгедектерге, зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларына қолдау көрсетуге жолданады. Оларға адрестік материалдық көмек көрсетіліп, тұрғын үйлерін жөндеуге қаражат бөлінеді. Ауыл тұрғындары да қараусыз қалмайды, оларға жыл сайын жылыту маусымы кезінде 1000 тонна көмір жіберіліп отырады.

Баяндама соңында Александр Вербняк:

- Құрметті көмір өндірушілері! Бүгінгі таңда сіздердің кәсіпорындарыңыз әлеуметтік серіктестікті дамыту бағдарламасының белсенді қатысушысы болып табылады. «Богатырь Көмір» ЖШС - әрбір қызметкерді әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ететін әлеуметті-бағытталған кәсіпорын. Сіздердің ұжымдарыңыз қаланы абаттандыру мен көгалдандыруға, барлық қалалық сенбіліктер мен мәдени-жаппай шараларға, қайырымдылық акцияларға белсене қатысады, мұқтаж азаматтарды әлеуметтік көмірмен қамтамасыз етеді, өз ардагерлеріне қамқорлық танытады. Виктор Константиновичтің басшылығымен футболды дамыту, біздің футбол командамызды қаржыландыру секілді  маңызды әлеуметтік жобалардың іске асырылуы жүзеге асады. Бұл белсенді азаматтық ұстанымның, қалаға, мәдениетке және әрбір қызметкердің өмір сүру жағдайына құштар екендігінін  дәлелі. Бүгінгі таңда сіздер өз қолдарыңызбен айналаңызға жайлы жағдай тудырасыз. Көптен-көп рахмет! – деп,  богатырьліктерге алғысын білдірді.

Баяндамадан кейін қала әкімі кеншілердің Екібастұздың өндірістік қызметі, мәдени, коммуналды, құқық аясындағы көптеген сұрақтарына жауап қайтарды. Көбі жағдайды пайдаланып, кейбір мәселелерін шеші үшін тікелей жеке өтініштерін білдірді. Сұрақтардың кейбіріне Александр Федорович өзі жауап берді, енді біреуіне оның орынбасарлары, қалалық ІІБ өкілдері жауап қайтарды. Егже-тегжейлі қарастыруды қажет ететін жеке сипаттағы мәселелерге әкім қысқа мерзім ішінде жауап беруге  нұсқау берді. Кездесу соңында 6 ақпан күні «Өнер» ҚМО-нда қала мен өңір тұрғындарымен өткізілетін қорытынды есеп беру кездесуіне баратын «Богатырь Көмір» ЖШС-нен елу делегаттың тізімі жарияланды.

Жаңалықтар тізіміне оралу