Еңбек даңқы залына бес жыл!

15.01.2015

 

25 желтоқсанда, тұрғындарының көп бөлігін көмір өндіретін өнеркәсібімен байланыстырған Екібастұз, өз мерей тойын – кен орындарын өнеркәсіптік пайдаланудан басталғанына 60-жыл толғанын атап өтті. Ал дәл бес жыл бұрын көмір кен орындарының игерілуінің 55-жылдығын атап өту қарсаңында туған өлкенің бай әрі қызықты тарихын, мың және мыңдаған кеншілердің, шахтаны құрушылардың, теміржолшылардың ерлік істерін жас ұрпақ үшін сақтау ордасы - Еңбек даңқы Залының ашылу салтанаты өтті.

2009 жылы салтанатты түрде оның ашылуында «Богатырь Көмір» компаниясының басшылары мен жұмысшылары, қаланың қоғамдық өкілдері және ардагер-кеншілер қатысты.

Сол кезде, салтанатты кештің құрметті қонағы Мұрат Махметов, экспозицияны байқап алған соң, атап өтті:

- Кеншілер мұндай Залдың ашылуына бұрыннан лайық деп есептеймін. Көмір кенішінде 44 жылдан аса жұмыс істесемде, бәрі менің көз алдымда өтсе де, бұл жерде мен өзім үшін пайдалы және қызықты көп нәрсені көрдім.

Бұл жерге жас кеншілерді міндетті түрде шақырып, оларды кәсіпорын тарихымен ғана емес, сонымен қатар бүкіл Екібастұз көмір алыбымен де таныстыру қажет деп ойлаймын. Еңбек даңқы Залы келешекте нағыз мұражайға айналады деп үміттенемін. Өйткені, сізбен біздің тарихымыз әлдеқайда бай және ол өз жалғасын таба бермек.

Сөздері әулиенікіндей болды. Бүгін шынымен, мұражай. Мұнда жүздеген әр түрлі тарихи құжаттар, сирек фотосуреттер, жеке заттар, біздің атақты жерлестеріміздің ордендерімен медальдары, басқа да экспонаттар ұсынылған. Заттар қойылатын қалқандарда фотосуреттер және өзге де экспонаттар арқылы көмір кен орындарының даму тарихы жүргізілген.

Еңбек даңқы Залына көрмеге қойылған назар аударарлық орындарды қызығушылықтарын жасырмай қарап, танысатын «Богатырь Көмір» қызметкерлері, ардагерлер, Екібастұз тұрғындары, студенттер, оқушылар үнемі келіп тұрады.

Биылғы жылы еңбек даңқы залына бес жыл. Бұл мерейлі күнге өз естеліктерімен бізбен орданың тұңғыш қорғаушысы Светлана Михайловна Чалая бөлісті.

- Менің бақытыма қарай, осындай мақтауға тұрарлық істің басталуына қатыстым. Екібастұз кеншілерімен кәсіпорынның тарихы бай әрі ерекше кең.

Бұл қорлаушылық болушы еді, егер де біз оны сақтамасақ және мәңгіге ұмытсақ. Залды құру идеясы ерте де, «Богатырь Көмір» ЖШС-нің басшыларының күші және табандылығы арқасында пайда болды, бірлескен «Русал» және «Самұрық-Энерго» Компаниясы Еңбек Даңқы Залының жобасын қаржыландырды. Маған ұйымдастырушы болуды ұсынды, мен, әрине, келістім. Содан, қуанышты, әрі еңбекті көп қажет ететін жұмыс басталды. Ерекше қолдауды жеке құрам және әлеуметтік саясат жөніндегі директор Еркен Жүнісұлы Рахманқұлов көрсетті. Ол материалдарды жинауда жағдай жасады, кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына көмекке жүгінді, ардагерлермен сөйлесті. Білесіз бе, біздің өтінішімізге көпшілік үн қосты. Арасында мені таң қалдырғаны, адамдардың, мұражай экспонатына сыйға тартқан өздерінің отбасылық жәдігерлерімен еш күмәнсіз қош айтысқаны. Мұқышевтар отбасы Жәлел Мұқышевқа Екібастұз қаласының құрметті азаматы ретінде қала қақпасының бейнелі кілтін сыйға тартты. Анна Музычук кәдесыйы – «Орталық» кенішінің 25-жылдығына орай алдыңғы қатарлы еңбегі үшін 1979 жылғы шағын граммофонды ұсынды. Экспозицияларды құруда біздің компанияның қызметкерлері де белсене қатысты. СЭ-3 экскаваторының бірінші макетін «Богатырь» кенішіндегі тау кен жабдықтарын жөндеу бойынша Цехтың жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу бойынша электр слесарі Николай Потапенко жасады. Темір жол жабдықтарын жөндеу бойынша Басқарманың №2 жылжымалы құрам Депосының жұмысшылары көмірдің бірінші эшелонын шығарып бара жатқан думпкарларымен паровоз макетін жасады. Бір жарым жыл ішінде біз ашылуына дайындалдық. Залға кіретіндердің барлығына қызықты болу үшін тырыстық. Ашылу рәсімі алдындағы толқуларым әлі есімде. Тамара Борисовна Карпецке көп рахмет, қатты қолдау көрсетті. Еңбек даңқы залының ашылуы салтанатты жағдайда өтті, бәрі жақсы ойдағыдай болды.

Бүгінгі күні еңбек даңқы залы Серіктестіктің Оқыту-курстық комбинаты жұмысшыларының арқасында тұрақты түрде дамуда және қалыптасуда. Экспозиция мұражайдың екі залында орналасқан.

Бірінші стендтің материалдары алыптың дамуының революцияға дейінгі кезеңіне арналған. Екібастұз кен орындарын ашу туралы бірінші жазбаша куәлік оралдық тау кен өндірші, 1 гильді Верхотурскілік көпес Александр Бернардокидің 1867 жылдың 21 маусымында белгіленген тас көмірдің қара-Бидайлық көшірмесін байқау туралы өтінімі болды. Бұл стендте, сонымен қатар, халықтық комиссарлар кеңесінің төрағасы В.Ульянов(Ленин) қол қойған халықтық комиссарлар Кеңесінің «Қырғыз тау кен өнеркәсіптік қоғамының Екібастұздық көшірмесін ұлттандыру туралы» Қаулысы ұсынылған.

Әрі қарай стендтерде кеніштің даму кезеңдерін қарауға болады: алғашқы бұрғы станоктары, экскаваторлар, бульдозерлер, «Ертіс көмір құрылысы» трестісінің шатырдағы қонақжайы бар алғашқы ғимараты, 1911 жылғы Воскресендік темір жолдың рельстері, КССР министрлері Кеңесінің 28.09.49 жылғы «Ертіс көмір кен орындарында көмір шығарудың дамуы туралы» Қаулысы. Залдағы орталық орынды төрткілдеш экскаваторлармен біздің кеніштің көмірін алғаш шығарған және тасымалдаған думпкарлары бар паровоз макеттері алған.

Стендтерде көмірдің бейнелі мерейтойлық тонналары (көмірдің 500млн, 600, 700-900 және 1 млрд т. ) орналасқан, оларда күні, кеніш атауы, экскаваторлар түрі, осы мерейтойлық тонналарды шығарып және тасымалдай алған бригадалар суреттері түсіріп алынған. Мұнда осы оқиғаларға арналған митингтерді бейнелейтін суреттер,социалистік жарыстарда жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін өтетін қызыл тулар, кезеңмен пайдалануға енгізілген техника, көмір өнеркәсібі саласындағы біздің ардагерлеріміздің наградалары, құрмет грамоталары, медальдары көрсетілген.

ТТЖЖ зауытының цехында жасалған халықтық тұтынушы тауарлар ұсынылған.

Екібастұз шахта құрылысының құрылысшылары директор Вячеслав Валерианович Каландаришвилиге «Богатырь» кенішінің құрылысы аяқталған соң табыстаған Богатырь кенішінің бейнелі кілті. Сол уақыттағы инженерлі-техникалық жұмысшылардың арнайы формасы.

«Адам наградасымен және еңбегімен атақты» стендісінде - біздің жұмысшыларға еңбекте және еңбек бәсекелестігіндегі жоғары көрсеткіштері үшін табысталған ордендер, медальдар, төсбелгілер. Көптеген жұмысшылар наградталды: Еңбек Қызыл Ту Орденімен, Ленин Орденімен, Социалистік Еңбек ері Орденімен, Еңбегі сіңген шахтер, Еңбегі сіңген Кенші, Шахтер даңқы, Еңбек үздігі, социалистік жарыстардың Екпіндісі Ордендерімен.

Бас инженер, қаланың құрметті азаматы, 80-нен аса ғылыми еңбектердің авторы, Екібастұз көмір кен орындарының даму тарихына зор үлес қосқан Иван Петрович Федотовқа, қаламыздың құрметті азаматы, еліміздің елбасымен кездескен белсенді қайраткер Станислав Павлович Куржейге, қаламыздың құрметті азаматы, бас директордың кеңесшісі Мелехов Дмитрий Павловичке, «Екібастұз көмір» ӨҚ бұрынғы бас директоры, мәжілісте кеншілер мүдделерін қорғайтын депутат Аманғос Титауұлы Өтегеновке арналған стендтер.

Екінші зал біздің кен орындарымыздың дамуының жанашыл кезеңін, жаңа техникамен технологияларды, үлкен жүкті самосвалдарды, гидравликалық экскаваторларды, шамадан тыс тиелгендерді, конвейерлерді енгізуді бейнелейді. Біздің кеніштің дамуының жанашыл кезеңі залындағы орталық орынды Екібастұз кен орнының макеті алады. Залдың периметрі бойынша баннерлерде көмірді шығару және тасымалдау кезінде пайдаланылатын жанашыл техника ұсынылған. Стендтарда Екібастұз кен орындарында шығарылатын минералдар орналасқан. Оларда қырыққұлақ жапырақтарының іздері, ағаштардың тасқа айналған бағаналары, біздің кен орнымыздың негізіне бір кездері су түбіне жіберілген орман жатқанын растайтын ұлутас анық көрінеді.

«Көмір жеткізу географиясы» және «Көмір нарығы» стендтары біздің кәсіпорынмен көмірді шығарудың және тасымалдаудың ауқымдылығын көрсетеді. «Кәсіпорынның жұмыс ырғағы» стендісі біздің кен орындағы әр түрлі учаскелердегі жұмыс сәттерін көрсетеді.

Фотографияларда 1997 жылдан бастап біздің уақыттағы барлық бас директорлар ұсынылған: В.В. Щербович, Денис Прайс, С.Н.Опанасенко, В.К. Щукин.

Серіктестіктің әлеуметтік саясатына арналған Стенд, біздің Компанияның, қаланың және жалпы алғанда мемлекеттің жеке құрамын дамытудағы жетістіктері жайлы әңгімелейді. Біздің кәсіпорынға әр түрлі аталымдар бойынша табысталған наградалармен құрмет грамоталары және алғыс хаттар да көрмеге қойылған.

С.П. Куржейдің Еңбек даңқы залына сыйға тартқан біздің кәсіпорынның богатырьлік күшін бейнелейтін «Богатырь» кәдесыйы. Біздің демалыс аймағымыз үшін және спорттың әр түрінде жұмысшылардың спорттық жетістіктері үшін бұрышқа да орын қалдыруға ұмытқан жоқ. Мұнда Компанияның бас директоры В.К.Щукинге «Астана-Алма-ата-2011» Жетінші Азяилық ойындардың алауын ұстау эстафетасына қатысқаны үшін дипломмен бейнелі шырақта, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниясының топ жұмысшылары арасындағы спартакиадада біздің Компанияның құрама командасының жүлделі орын үшін кубогы да бар.

Біздің кәсіпорынға әр түрлі аталымдар бойынша табысталған наградалар.

Экспозиция үлкен және тамаша. Одан басқа, бас директор В.К. Щукиннің бастамасымен, кәсіпорында «Богатырь Көмір» ЖШС құрылымдық бөлімшелері бойынша қосымша көшпелі көрмелер ұйымдастырылды. Еңбек даңқы залының қоры үнемі толығу үстінде, ал бұл дегеніміз, оған деген қызығушылық таусылмайды.

 

Азалия Ташева

Жаңалықтар тізіміне оралу