Удачный год для Серика Саттарова

14.11.2014

Бір ай бұрын ғана біз, Серік Саттаровты ардагерлер арасында дзюдо күресі бойынша алтыншы әлем чемпионатында жеңіп алған қола медалімен құттықтаған едік. Міне, тағы да тамаша жаңалық – Грецияда өткен шеберлер арасындағы самбо күресі бойынша әлем чемпионатында үшінші орын. «Богатырь» кенішіндегі ашу кешенінің бастығы – директоры орынбасары үшін спорт жылы осылай жемісті аяқталды. Ал бұның барлығы Тркістанда өткен самбо бойынша Қазақстан чемпионатындағы тамаша жеңістен бастау алды.

Серік Саттаровқа , оның спорттық мансабы ол қатты жарақат алғаннан кейін, жиырма бес жыл бұрын аяқталғандай болды. Керісінше, барлығы енді ғана басталды. 2014 жылы «богатырьлік» спорт –сауықтыру кешенімен «Жасыбай» ССК жаттығуларға қайтадан кірісіп, өз күшін «Богатырь Көмір» кәсіпорнының ішінде өтіп жүрген қазақша күрес бойынша жарыстарда көріп, өзінің спорт жағына көп тартатынын сезінді және ол өзінің күшін жүзеге асыра алатынына көзін жеткізді. Ең алғашқы жетістігі - мамыр айында Түркістан қаласында өткен самбо бойынша Қазақстан чемпионатындағы алтын медалі. Оған республиканың 14 қаласынан келген 140 спортсмен қатысты. Бұл жеңіс Грецияға әлем чемпионатына жолдама болды. Ежелгі елге дейін, Серік Саттаров 25 мен 27 қыркүйек арасында Испанияның Малага қаласында өткен дзюдо бойынша әлем чемпионатында қол медаліне қол жеткізіп үлгерді. 45-49 жас аралығындағы санатта 90 келі салмақта, бесеуінде жеңіске жеткен, ол алты айқасты өткізді, біреуінде ресейлік бес мәрет әлем чемпионы Александр Елизаровқа жолын берді.

25-28 қазанда Грецияда шеберлер арасында өткен самбо бойынша әлем чемпионатында өтініш берген 19 елдің 250 қатысушының ішінен қазақстандық делегаттардан 37 спортсмендердің ішінде Павлодар облысынан үшеу- екі екібастұздық Серік Саттаров, Дәурен Мукушев және павлодарлық Ораз Мунтынов барды. Біздің жерлестеріміздің барлық үштігі тамаша қатысты. Серік 2-2 тең есебімен Германиядан келген палуанға финалға шығу үшін жекпе-жект жолын берді, бірақ самбоның ережесі бойынша, кім соңғы балға ие болды жеңіс сол адамдікі, сонымен біздің спортсмен қола медалін қаңжығасына байлады. Онымен бірге қола жүлдегері МАЭС-2 жұмысшысы Дәурен Мұқышев және павлодарлық Ораз Мунтынов атанды. Бұл жетістіктер Қазақстан құрамасына чемпионаттың жалпы командалық екінші орнын алуға мүмкіндік берді. Нағыз жеңіс ресейліктерде болды.

Біз Серік Саттаровтан бұл сапардан алған әсерімен бөлісуін сұрадық:

- Жарыстар Солоники қаласының маңында өтті. Өкінішке орай, сұр болып тұрған ауа райы бәрінің көңілін бұзды. Сондықтан суға түсуге мүмкін болмады. Ол жақтың адамдары есімде қалды, барлығы кішіпейіл, мейірімді. Көпшіліктің Қазақстан туралы білгені, бірінші байланыс – ол Назарбаев, Астана. Жарыстарда әңгімелесу барысында қиыншылық туындаған жоқ. Өйткені самбо тегі ресейлік, барлық жерде орыс тілінде сөйледі. Одан бізг өзімізді жайлы сезіндік. Мен өзім жұмыс істейтін кәсіпорынның басшылығына ризашылығымды білдіремін. Бас директор В. К., Щукиннің, жеке құрам және әлеуметтік саясат жөніндегі директоры Е. Ж. Рахманқұловтың, «Богатырь» кенішінің директоры С. Ж. Макаровтың, компанияның кәсіподақ комитетінің қолдауымен, мен республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатыс алдым. Сондай-ақ Екібастұз спортсмен палуандарға да рахметімді айтамын: олар жарысқа дайындалуға көмектесті. Әсіресе, менің спортқа деген қызығушылығымды дамытқан бірінші жаттықтырушым В.Г. Панасенкоға және олимпиадалық резервтағы павлодарлық дзюдо мектебіне ерекше алғысымды айтамын. Сондай-ақ, еш кедергісіз спорттық-сауықтыру кешенінде жаттығуға мүмкіндік бергені үшінВалентина Титаренкоға да рахмет. Әр жарыста мен мақтанышпен «Богатырь Көмір» туын желбіреттім, мен біздің кәсіпорын туралы көпшіліктің білгенін қаладым.

Міне, палуанымыз Серік Саттаровтың спортқа оралуы осылай сәтті қалыптасты, біз оны кезекті жетістігімен құттықтаймыз. Грециядан оралғаннан кейін, директор орынбасары – «Богатырь» кенішіндегі ашу кешенінің бастығы өндірістік мәселелерді шешу үшін білегін сыбана жұмысқа кіріседі.

Азалия Ташева

Сурет баспасөз қызметінікі және Серік Саттаровтікі

Жаңалықтар тізіміне оралу