Құрылған күні қарсаңында

29.01.2023

1 ақпанда аталып өтілетін «Богатырь» жүк тиеу-көлік басқармасының құрылған күні қарсаңында компанияның спорттық-сауықтыру кешенінің алаңында БЖКБ учаскелерінің командалары арасында волейболдан біріншілік өтті. 

Бөлімше чемпионы атағы үшін турнирге келесі командалар қатысты: Жол шаруашылығы, Жол-3, Ударная ст, «Степная» ЖҚД,  «Эксплуатация» ЖҚД, «Ударная» ЖҚД.  Жарыс регламенті бойынша командалар екі топқа бөлінді.  Бірінші қатарда тұрғандар финалға жолдама алды, екінші орын иелері жарыстың қола жүлдесі үшін күресті.  Іріктеу ойындарының қорытындысы бойынша финалға «Эксплуатация» ЖҚД және «Ударная» ст. шықты. Үшінші жүлделі орын үшін болған жекпе-жекте «Ударная» ЖҚД мен Жол шаруашылығы кездесті.

 Нәтижесінде «Эксплуатация» ЖҚД командасы турнир жеңімпазы атанды, екінші орын «Ударная» ст. бұйырды.  Үшінші орынды Жол  шаруашылығының құрама командасы иеленді.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу