Екібастұз еріктілері, бірігіңдер!

27.01.2023

Бүгін Естай атындағы балалар музыка мектебінде Екібастұз еріктілерінің кездесуі өтті.  Шараны «Богатырь Көмір" компаниясының Біріккен Жастар қозғалысы ұйымдастырды.

Форумға «Богатырь Көмір» ЖШС-нің әлеуметтік мәселелерге бей-жай қарамайтын қызметкерлері, БЖҚ белсенділері, "Екібастұз" іздеу-гуманитарлық жасағының «Бақытты болуға құқығы» жануарларды қорғау қоғамдық қорының, «Простоквашино» үйсіз жануарларға көмек көрсету бойынша қоғамдық бірлестігінің, Екібастұз қаласының жастар бастамаларын дамыту орталығының, кәмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлімнің, қиын өмірлік жағдайдағы тұлғаларды әлеуметтендіру орталығының өкілдері, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, қала кәсіпорындарының жұмысшы жастары қатысты.  Кездесу барысында қатысушылар бірлесіп жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті, еріктілер қозғалысының түрлі бағыттары туралы нақты мысалдар келтірді, атап айтқанда: аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, жалғыз басты зейнеткерлерге көмек көрсету, сонымен қатар із-түзсіз жоғалған адамдарды табуға көмектесу, үйі жоқ жануарларды қорғау, қиын жасөспірімдермен жұмыс.  Әр түрлі адамдардың қиын да ғибратты өмір тарихы бар бейнероликтер көрсетілді.

Жиын барысында барша қамқор екібастұздықтардың көмегін қажет ететін жандардың игілігі үшін күш біріктіруге үндеу айтылды.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу