Төбешіктен көңілді

23.01.2023

Ең жақсы демалыс – таза ауадағы демалыс. Өткен сенбіде «Богатырь Көмір» кеншілерінің ондаған отбасы «Снежинка» тау шаңғысы базасына шығып, шанамен және тюбингтарда сырғанап қайтты.

Қаланың қарбалас өмірінен ажырап, отбасымен демалыста көңілді уақыт өткізу үшін компания қызметкерлерге тегін сапарға шығуға ыңғайлы автобус бөлді. Отбасымен және әріптестерімен бірге өткізген демалыс күні кеншілердің әрқайсысына көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлер және де алдағы жұмыс аптасында сергектік сыйлады.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу