Богатырь командасы

22.01.2023

Демалыс күндері «Богатырь Көмір» компаниясының спорттық -сауықтыру кешенінің алаңында бөлімше учаскелерінің командалары арасындағы жекпе-жекте «Богатырь» кенішінің ең мықты волейболшылар  жасағын анықтады. 

Біріншілікте жеті құрама қатысты: кеніштің басқару аппараты, Темір жол кешені, Аршу кешені, және учаскесі, ЭЖЗ ЖКД учаскесі, ШЖУ-1, БЖЖУ.  Жарыс айналымдық жүйе бойынша өтті, командалардың әрқайсысы қарсыластармен бетпе-бет кездесті.  Жиналған ұпайлардың қосындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды: 1 орынды ӨТҚ командасы, 2 орынды «Богатырь» кенішінің басқару аппараты, 3 орынды Темір жол кешені иеленді.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу