Екібастұздың атын шығарғандар.

13.11.2014

Ата-аналары «Богатырь Көмір» компаниясында жұмыс істейтін екі жас суретшілер Рерих Нелли және Набиулинна Сафина, «Энергетиктер кәсіподағының федерациясы» ҚБ бірлесіп «Самұрық-Энерго» АҚ ұйымдастырған балалар сурет байқауында жеңімпаз атанды. Астанадағы қазылар алқасын таң қалдырған қыздардың суреті енді жыл сайынғы күнтізбелікте орын алады. Сонымен, олардың жұмысын Қазақстанның барлық жерінде көретін болады.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниясының «Богатырь Көмір» ЖШС енетін жұмысшылар тобының балалары арасындағы суреттер байқауы балаларды қорғау Күнін мерекелеу аясында екінші жыл қатарынан өтуде. Бұл шығармашылық жарысқа қатысу үшін өтініштер үш жас бойынша санаттағы балалардан 1 маусымнан 10 тамыз бойынша қабылданды: үш жастан сегіз жасқа дейін, сегіз жастан он екі жасқа дейін және он екі жастан он алты жасқа дейін. Аталымдары бойынша нақты берілген тақырыптар ғана көрсетілуі керек еді: «Спорт – денсаулық кепілі», «Менің болашақ мамандығым» және «Астана ЭКСПО – 2017». Әсіресе, алдыңғы екі аталымда біздің қыздар көшбасшы атанды. Набиуллина Сафина тамаша гимнастканы, ал Рерих Нелли – өзін, концерттік алаңда фортепианода ойнап отырған сәтін бейнеледі. Көркемсурет жұмыстары, шынымен-ақ, өте жақсы болды, сондықтан оны Астанада байқады, дегенмен жеңіс ойналықпен келген жоқ. «Богатырьліктердің» балалары ғана он алты сурет ұсынды, ал басқа ұйымдардан қаншама бар. Айтпақшы, Нелли үшін бұл екінші жеңіс, ол өткен жылғы байқауға да қатысты.

Жеңімпаздарға салтанатты түрде кәсіпорынның кеңсесіндегі мәжіліс залында құрмет көрсетілді .

-Біз сіздерді құттықтаймыз! Сіздер Екібастұздың атын шығарасыздар! Келешекте де, сіздердің, «Богатырь Көмір» компаниясының атын әр түрлі байқауларда шығаратындарына сенеміз. Ал өскенде біздің компаниямыздың қатарын толықтырасыздар және лайықты жұмыс атқарасыздар, - деді өз сөзінд дипломанттарға кәсіподақ төрағасы Кайрула Төретаев.

Неллиге планшет, ал Сафинаға мобильді ұялы телефон табыс етті. Марапаттауға қатысқан ата-аналары, БЖКБ орталықтандыру орнының операторы Ирина Рерих және «Октябрьская» ЖҚД тартқыш агрегатының машинисінің көмекшісі Фанис Набиуллин өз қыздары үшін қатты қуанды. Оларға сенгендерін де атап өтті. Өз кезегінде ата-аналар атына компания атынан олардың маңызды іс-шараларға балаларын тартуға тырысқаны, белсенді өмірлік ұстанымы үшін ризашылық тілектері айтылды.

Азалия Ташева , суреттер Юлия Врублевскаянікі

Жаңалықтар тізіміне оралу