Богатырлық көмек

29.11.2022

Тәулік бойы Екібастұзды жылумен, сумен жабдықтау учаскелеріндегі авариялық жағдайды жою бойынша жұмыс тоқтатылмай келеді. «Богатырь Көмір» қызметкерлері бұған тікелей қатысып, араласып жүр.

Күн сайын «Богатырь» кенішінен, Богатырь тиеу-көлік басқармасынан, теміржол жабдықтарын жөндеу дирекциясынан, ТКЖЖ зауытынан ақауларды жою үшін 60-тан астам маман, олар: слесарьлар, дәнекерлеушілер, бригадирлер жөндеумен айналысуда. Серіктестік көмек ретінде қажетті арнайы техниканы бөлді: бензин генераторлары, дәнекерлеу жылжымалы аппараттары, инверторлық аппараттар, бензин және керосин кескіштер, дәнекерлеу шамдары, слесарьлық құралдар. Жедел бригадаларды 8 ПАЗ автобустарымен тасымалдаумен кәсіпорынның Автобазасы айналысуда, сондай-ақ қала мен жылу желілері үшін 8 ПАЗ бөлінген. Жұмысты үйлестіруді энергиямен жабдықтау дирекциясы жүргізуде. 29 қарашада «Богатырь» бригадалары Б.Момышұлы көшесі, 50, 94 үй мекенжайлары бойынша, сондай-ақ теміржол вокзалы ауданында жарылған жерлерді жоюмен айналысты.

Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша Серіктестік айтарлықтай көмек көрсетті. 28 қарашадан бастап сумен жабдықтау сулары жоқ мекенжайлар бойынша кестеге сәйкес 8,2 м3 су таситын көлікте су тасымалданады (кестемен келесі жазбадағы суретте танысуға болады).

Біріккен жастар қозғалысы апатты жоюға қатысып жүрген қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақтарды тасымалдауды жалғастыруда.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу