Бірге жеңеміз!

28.11.2022

Екібастұз үшін қаланы жылумен жабдықтау жүйесінде жаңылудан туындаған қиын жағдайда  басқа да кәсіпорындар ішінде «Богатырь Көмір» компаниясы  көмекке келді.

Бөлімше мамандарынан құралған арнайы авариялық бригадалар өткен түнде Гридин 158, Әуезов 49/7, Шешембеков 13, Қазбек Нұралин 154 және 156, Б. Момышұлы 38, Пшенбаев 171,  М. Жүсіп 99, М. Жүсіп 50 көшелеріндегі, «Кузов»  дүкені, КЕГОК және полиция, № 10 мектеп ғимараты аудандарындағы,  М. Жүсіп – Әуезов, Степная – Мира, Степная – Толстов қиылысындағы жарылуларды жойды.

Авариялардың салдарын жою үшін  «Богатырь Көмір»  ЖШС 34 адам, 5 бірлік техника (4 автобус, 1 КамАЗ) жіберді.

Компанияның қоғамдық тамақтану комбинаты авария салдарын жоюға қатысушыларға бауырсақпен ыстық шай жеткізуді ұйымдастырылуда.

Қала билігі тұрғындарды қабылдау үшін 12 жылыту орнын, сыйымдылығы 4000 адам/төсек-орын және қосымша 3000 отыратын орындық (№17, № 4, № 36, № 23, № 21 ЖОМ, мешіт, шіркеу, «Өнер» ҚМО, музыка мектебі, № 2 емхана, СПЧ-2, «Алтын Дән»).

Жылу желілеріндегі зақымданулар туралы ақпарат олардың орындарын көрсетумен, «Жедел желі» нөмірлері бойынша қабылданады:

8 (7187) 74 00 41

+7 700 299 78 06

WhatsApp:  +7 701 338 76 24, +7 707 627 93 32, +7 702 166 16 61

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.

Ашық интернет-ресурстардан алынған фотосуреттер.


Жаңалықтар тізіміне оралу