Богатырлық Кубок иегері

27.11.2022

Компанияның спорттық-сауықтыру кешені алаңында алдағы мереке – Тәуелсіздік күніне арналған Екібастұз қаласының колледждері мен жоғары оқу орындары арасында «Богатырь Көмір» ЖШС-нің волейболдан кубогы өтті. 

«Богатырь Көмір» ұйымдастырған турнир белгіленген кубок аясындағы әртүрлі спорт түрлері бойынша ойындар сериясының жалғасы болды.  Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында компания мектеп оқушылары арасында футболдан чемпионат өткізіп, оған қаланың 15 мектебінен командалар қатысқан болатын.

 Енді студент жастарға Кубокты сарапқа салатын кез келді.  EИТИ,  EИТИК медициналық колледж, политехникалық колледж және ВЕКИнЕУ-ден бірден екі команда өз құрамаларын ортаға салды.  Финалға жолдама екі топта ойналды.  Бас жүлде үшін күресу құқығы өз тобында бірінші орын алған командаларға берілді, одан кейін «қола» үшін күресуге екінші мүмкіндік берілді.

 Қызу шайқастардың нәтижесінде ЕИТИ командасы «Богатырь Көмір» ЖШС кубогы мен алтын медальдардың иегері атанды, ЕПК командасы күміс медальді, ВЕКИнЕУ командасы қола медальді жеңіп алды.

 Турнирдің үздік тосқауыл қоюшысы болып Расул Пшенбаев (EИТИК), Әлихан Ақышев (ЭПК) - үздік шабуылшы, Махмет Аяулым (EИТИ) - үздік байланыстырушы деп танылды.

 Барлық қатысушылар фирмалық футболкалар мен компания логотипі бар волейбол доптарымен марапатталды.  Жарыстың ұйымдастырылу деңгейін атап өткен жөн: командалар өтетін жерге жайлы автобуспен жеткізілді, ойын алдында оларға сусындар мен жемістер таратылды.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу