Еңбегі сіңген «қола»
25.11.2022
Богатырь спортшылары спорттық жарыстарда сәтті өнер көрсетулерімен қуантуды жалғастыруда. «Богатырская» ЖҚД учаскесінің депо бастығының орынбасары Максим Мартыненко джиу-джитсудан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
Әлемдік біріншілік 15 қарашада Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде өтті. Оған 120 елден 10 мыңнан астам спортшы қатысты.
Максим қола медальді 77 келі салмақ дәрежесінде, 28 қарсыласымен жарыста жеңіп алды. 4 жекпе-жектен кейін ол финалға шығу үшін күресте Сириядан келген спортшыдан кейін екінші болды. Алайда, Максим лайықты марапатсыз қалған жоқ – ол қола медаль жеңіп алды.
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.