Ең бастысы – білікті құрам.

05.11.2014

Оқушысынан маманды шығару ерекше қиын еңбек. Бұл үшін ең алдымен өзін нағыз  маман болуын, сонымен қатар өзінің қамқорлығындағыларға олардың жұмысына деген махаббатын оята білу ниетін болуы қажет. «Богатырь Көмір» компаниясында ондай адамдар бар. Жетімыңдық ұжымда  өндіріске жанадан келгендерге өз білімдерімен тәжірибелерін жеткізетін  тәлімгерлер баршылық.. Жыл сайын күзде олардың ішінен жыл қорытындысы бойынша үздіктерді анықтап,  серіктестіктің Оқыту-курстық комбинатында құрмет көрсетті. Міне, биылғы жылдың қазан айында да жас ұрпақтың он алты тәрбиеленушілерін салтанатты іс-шараға шақырды, онда әрқайсысы құрмет грамотасымен ақшалай сыйақы алды.

Салтанатты  «Богатырь Көмір» компаниясының бас директоры Виктор Константинович Щукин ашты.

-Біздің Компанияға келіп, жастар тек қана  материалды игілікті ғана алмай, сонымен бірге сіздердің тәжірибелеріңіздің, білімдеріңіздің арқасында, жұмыс үрдісін жетік енгізудің құралын меңгереді , - атап  өтті ол.

Виктор Константинович «Еңбегі сіңген тәлімгер» басты атауына ие болған жұмысшыларға Құрмет грамотасын табыстады: ТКЖЖ зауытының жабдықтарды  жөндеу және қызмет көрсету бойынша слесарі Илья Васильевич Михальчакке, 3 дәрежелі «Еңбек даңқы» атағына ие болып марапатталған, жабдықтарды  жөндеу және қызмет көрсету бойынша электрслесарі Виктор Иванович Авдиенковке. Виктор Валентинович Парнов  «Көмір өнеркәсібінің құрметті жұмысшысы» атағына ие болды. Марапатты ала отыра,  Виктор Парнов, ұяла айтты:

- Бар болғаны маған дарынды  оқушылар кездесті.

Басқа да еңбегі сіңген тәлімгерлер сияқты, ол да міне қарапайым адам.

 «Ең үздік тәлімгер»  аталымындағыларды марапаттаудың келесі рәсімін жеке құрам және әлеуметтік саясат жөніндегі директор Еркен Жүнісұлы Рахманқұлов  жүргізді:

- тәлімгер мамандықтың қыр-сырын, шеберлік құпиясын қалай жеткізетіні  өте  маңызды, өйткені кәсіпорында шикізатпен станок ең басты нәрсе емес – бастысы -  білікті құрам. Рахмет сіздерге.

Бұл аталымында марапатталғандар: автомобильдерді жөндеу бойынша слесарі Гомар Файзуллинович Муталипов; кран машинисі Михаил Юрьевич Тришин, электрмеханигі Виктор Иванович Якушенков; аға механигі Виктор Александрович Еремеев, жолдың аға мастері Сұлтан Болатұлы Бурамбаев; жол мастері Ирина Владимировна Федорова; автомобиль жүргізушісі Николай Кафурович Данибаев; кран машинисі Нина Витальевна Чепель; жүк тиеу жүргізушісі Мурат Ермағанбетұлы  Ақылбеков; темірбетонды бұйымдар учаскесінің бастығы Инна Казимировна Сосновская; техник лаборант Елена Ивановна Фишер; қоғамдық тамақтану комбинатының аспазшысы Лейла Тофиковна Мамедова; электронды-есептеу машиналарының операторы  Наталья Ярославовна Глушич,

Ең үздік тәлімгер атану үшін көпжылдық еңбек өтілімі болуы міндетті емес. Өз мамандығыңды, өз жұмысыңды жақсы көруін, оған қызығушылық таныту керек. Оған мысал, аға жол мастері Сұлтан Бурамбаев, ол отызға да толған жоқ, ал ұжымда оған өзінен жасы үлкен жұмысшылар  құлақ асады, кеңесіне жүгінеді, жаңа әдістемесін біледі. Жастармен, айтқандай-ақ, ол бір толқында. Немесе, Мұрат Ақылбековты алсақ,  екі жыл бұрын ғана ОКК-нда жүк тиеу жүргізушісінің курсын тәмамдады, ал бүгінгі күнде өзі практикаға келгендерді оқытады. Жұмыстың аз мерзімінде оның ұмтылыстарын байқады, міне нәтиже – алғыс, грамота, тану.

Салтанатты рәсімде біздің қаламыздың кәсіби колледждерінің басшылары қатысты, өйткені жыл сайын «Богатырь Көмірге» олардың түлектері келеді. Мұнда олар практикада өз білімдерін растайды, знания на практике, тәжірибелі тәлімгерлер олардың  өз ісінің шебері болуына көмектеседі.

Жалпы, іс-шара жылы достық жағдайда өтті, салтанат куәгерлері, кештің ұйымдастырушылары және қонақтары өндірістегі  қызықты жайттармен, естеліктермен бөлісті. Тәлімгерлерге арналған бейнекөріністерді көру кезінде, олардың толқығандары көрініп-ақ тұрды. Бұл түсінікті жайт: оларға өз оқушыларының пікірі маңызды. Өз аттарына қаншама жылы сөздер ести отыра, олардың көңілі босады. Жақсы көңіл-күйді тамаша концерттік бағдарламаны ұсынған вокалды және би ұжымдары қолдады.

Азалия Ташева.

 

 

 

Жаңалықтар тізіміне оралу