Бесінші робот-тартқыш бар!
14.09.2022
Vollert неміс компаниясы шығарған PRO TANDEM DIR-300 соңғы бесінші тартқыш робот Богатырь ЖКБ-ға келді.
Жаңа суперзаманауи локомотивтердің «Богатырь» кенішінде жаңа циклді-толассыз технологияны енгізумен іске қосылатын күні жақын қалды. Олар жер үсті кешенінің құрамында, жартылай вагондарды көмірмен тиеу үдерісінде автоматты режимде құрамдарды біркелкі тарту үшін қолданылатын болады.
Vollert PRO TANDEM DIR-300 маневрлік екі секциялы алты өсті тартқыш роботтардың басты артықшылығы-оларды үш режимде басқаруға болады: қолмен, қашықтан (джойстик арқылы) және автоматты.
Айта кету керек, бұл жұмыстар тек Богатырь ЖКБ тарихында ғана емес, сонымен бірге ТМД елдерінің бүкіл теміржолында да алғашқы болып табылады.
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.