Автоқызметтер тендері

31.10.2022

«Богатырь Көмір» ЖШС автокөлік кәсіпорындарын және көлік құралдарының жеке меншік иелерін ынтымақтастыққа шақырады және 50 лот бойынша автоқызметтерге арналған тендерге қатысуды ұсынады, атап айтқанда, жүк және жолаушылар көлігі қызметтеріне: КАМАЗ самосвалдары, шағын автобустар (УАЗ, Газель) және т. б.  Позицияның толық тізбесімен zakup.sk.kz («Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу порталы) тендерлік құжаттамаларда танысуға болады.

Тендерге қатысу үшін көрсетілген рәсімдерді басшылыққа ала отырып zakup.sk.kz («Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу порталы) сайтына тіркелу қажет. Тіркеудің барлық мәселелері бойынша сайтта орналастырылған байланыстарды пайдалана отырып, түсініктеме алуға болады. Сатып алу (тендер) «Самұрық-Қазына» АҚ регламентіне сәйкес төмендетуге ашық тендер (ТАТ) тәсілімен жүргізілетін болады. Шарттың талаптары тендерлік құжаттамаға бекітілген шарттың жобасында жазылған. Аяқталған сатып алулардың қорытындылары қайта тендер өткізу үшін жарияланатын болады.

Маңызды! Қатысуға өтінім беру кезінде техникалық сипаттамалар мен біліктілік талаптарына сәйкес тиісті қызметкерлер құрамы мен техниканың бар екенін растайтын құжаттарды бекіту қажет.


Жаңалықтар тізіміне оралу