Бірінші және үздіктер

03.10.2014

Мемлекеттің тілді дамыту

 

«Богатырь Көмір» компаниясындағы қазақ тілі кабинеті жуырда аяқталған жыл сайын өтетін қалалық байқаудың қорытындысы бойынша екібастұз мекемелерімен ұйымдардың оқу кластарының арасынан ең үздік деп танылды.признан Көмір алыбының өзі өз қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді насихаттау жағынан көшбасшы атанды.

«Богатырь Көмір» ЖШС мемлекеттік тілді дамыту тобының басшысы Манар Ерботинаның айтуынша, кәсіпорын бұл байқауға алғаш рет қатысты және ол сәттілік әкелді.

Байқау комиссиясының мүшелері нормативтік құжаттардың жағдайын, дидактикалық материалдарды, оқу құралдарын, қазақ тілін оқыту бойынша күнтізбелік жоспарды, оқу класының безендірілуін және сабаққа қатысымын жоғары бағалады. Нәтижесінде, «Тіл туралы» Заңның қабылдануына 25жыл толуына орай «богатырьліктерге» бірінші орынға иеленген үшін диплом және «Мемлекеттік тілді насихаттайтын ең үздік кәсіпорын» аталымы бұйырды.

Биылғы оқу жылында компанияда қазақ тілін 270 адам оқуда. Бұл дегеніміз өткен жылға қарағанда екі есе көп. Жұмысшылар арасында мемлекеттік тілді насихаттау компанияның бас директоры Виктор Щукин бастаған басшылықтың қолдауымен жүргізіп отырған тіл саясатының арқасында қол жеткізілді. Сонымен қатар директордың жалпы мәселелер және шаруашылық қызметі жөніндегі орынбасары Қайрат Ырғайбек, жеке құрам және әлеуметтік саясат жөніндегі директоры Еркен Рахманқұлов және құрылымдық бөлімшелер басшылары: БЖТБ, «Богатырь» кеніші және оқу-курстық комбинаты - Александр Григорьев, Серік Макарова және Любовь Шарипова.

Марина ПОНКРАТОВА

Сурет Анатолия БУТЫРИНА

Жаңалықтар тізіміне оралу