Кеніштің экскаватор паркінің ұлғаюы

27.06.2022

«Богатырь Көмір» компаниясы «Богатырь» кенішінің аршу кешенінде іске қосылып, табысты жұмыс істеп жатқан ЭКГ-12 К карьерлік экскаваторын сатып алды.

Жаңа көлік 2022 жылдың сәуір айында «Октябрьская» станциясына келді. Барлық тораптарды толық жеткізгеннен кейін ТКЖЖ зауытының экскаватор-жөндеу цехының қызметкерлері оны құрастыруға кірісті. Барлық жұмыстар «ИЗ-КАРТЭКС» ЖШҚ өндіруші-зауыт өкілдерінің бақылауымен жүргізілді. «Богатырь Көмірде» бұл өндірушінің алтыншы машинасы.

Ерлан Қапаров бастаған ЭКГ-12 К бригадасы оның артықшылықтарын бағалай білді. Техника экскаватордың басты жетектерінің жабдықтары мен параметрлерін толық бақылауға мүмкіндік беретін заманауи басқару жүйесімен жабдықталған. Машинист кабинасында бейнебақылау жүйесі, дірілді және шуды оқшаулау, сондай-ақ орнатылған ауа баптағыштар бар.

ЭКГ-12 К техникалық ерекшеліктері:

«ТП-Д» сұлбасы бойынша тұрақты тоқтың электр жетегі;

Шөмішті полиспастсыз көтеру механизмі;

Жебенің керме аспасы;

Автоматтандырылған майлау жүйесі.

ЭКГ-12 К кеніштің экскаватор паркін нығайтады және циклдық-толассыз технологияны енгізуді ескере отырып, кәсіпорынның өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі


Жаңалықтар тізіміне оралу