Кедергілерді еңсеру
19.06.2022
18-19 маусым аралығында Сабындыкөл көлінде компания қызметкерлері арасында спорттық туризм бойынша «Богатырь Көмір» біріншілігі өтті.
Жарыс шарты бойынша команда құрамына 5 адам кірді. Бұл адамдарды саяхаттарға деген сүйіспеншіліктері біріктірді. Тауға өрмелеу болмағанымен, қатысушылар туризмде пайдалы болатын кедергілерді жеңудегі барлық дағдыларын көрсетті. Әр кезеңде жеңімпаздар анықталды.
Туристік эстафета:
1 орын – Автобаза;
2 орын – Құрама команда;
3 орын – ТКЖЖ зауыты.
Туристік тағам:
1 орын-ТКБ;
2 орын – Автобаза;
3 орын – ТКЖЖ зауыты.
Визит карточкасы:
1 орын-Автобаза;
2 орын-ТКБ;
3 орын – Құрама команда.
Туристік кедергілер жолы
1 орын – Құрама команда;
2 орын – Автобаза;
3 орын-ТКБ.
Жалпыкомандалық орын:
1 орын – Автобаза;
2 орын-ТКБ;
3 орын – Құрама команда.
«Богатырь Көмір» баспасөз қызметі