Асық ату жарысы

18.06.2022

«Богатырь Көмір» спорттық-сауықтыру кешенінің залында асық атудан жарыс өтті. Ойынға компания қызметкерлері қатысты.

Бұл ұлттық спорт спортшылар арасында ең танымал спорт түрлерінің бірі. Сондықтан жарыс күні асық атуды ұнататындар көптеп жиналды.

Әр ойыншының міндетіне сақа қағылған асықтардың ең көп санын жинау болды.

Күрес барысында жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

Ерлер арасында:

1 орын-Төулетай Темірбеков, БЖКБ;

2 орын-Мейрам Какенов, БЖКБ;

3 орын-Қайырболат Аманов, ТКЖЖ.

Әйелдер арасында:

1 орын-Күлшім Әбдіхалықова, БЖКБ;

2 орын-Күлпан Дүйсентаева, БЖКБ;

3 орын – Валентина Титаренко, атқарушы аппарат.

«Богатырь Көмір» баспасөз қызметі


Жаңалықтар тізіміне оралу