Көмір өнеркәсібінің III форумындағы басты жайттар жайында

17.06.2022

Нұрсұлтан қаласында көмір өнеркәсібінің III форумы өтті. Ұйымдастырушы тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы болды.

Кездесуге индустрия және инфрақұрылымдық даму, энергетика министрліктерінің, сондай-ақ көмір өндіруші кәсіпорындардың делегаттары, энергетика, логистика салаларындағы қазақстандық және халықаралық сарапшылар қатысты.

Форумда «Богатырь Көмір» компаниясын бас директордың орынбасары Мирхат Мұсанап таныстырды. Ол декарбонизация курсымен және Қазақстанның көміртекті бейтараптыққа қол жеткізуімен байланысты тәуекелдер тақырыбын, сондай-ақ осы жағдайларда көмір саласын дамыту болашағы жайында баяндама жасады.

Бұл күні «Еңбек ардагері» ерекше мемлекеттік наградасымен теміржол жабдықтарын жөндеу дирекциясының директоры Владимир Колесников марапатталды. Владимир Витальевич өзінің еңбек жолында станция бастығынан құрылымдық бөлімше басшысына дейін өсті. Ол теміржол көлігін пайдалану, жөндеу және тасымалдауды ұйымдастыру саласында үлкен тәжірибеге ие. Өзінің кәсіпқойлығының арқасында әріптестерінің құрметіне ие болды және «Шахтер даңқы» белгісінің толық кавалері болып табылады.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі


Жаңалықтар тізіміне оралу