Тұғырда

13.06.2022

Өткен демалыс күндері «Богатырь Көмір» қызметкерлерінің спорттық жеңістеріне толы болды, жайдары жаз - жаңа медальдар мен жүлделермен басталып кетті.

11 маусымда кәсіпорын қызметкерлері шахматтан Орталық Азия онлайн-чемпионатына қатысты. Серіктестіктен үш ойыншы өтініш білдірді – Еркін Құрманбаев, жол машиналарының машинисті, БЖКБ; Аманкелді Досаев, пойыз құрастырушы,ТЖЖЖД; Владимир Колесников, директор, ТЖЖЖД. Қатысушылар үшін конференц-залда онлайн-платформа жасалды. Бұл шахматшыларға ойынға бар зейінін аударуға мүмкіндік берді. Жарыс шарты бойынша жеке-командалық форматта өткізілді; әрбір тақта үшін жеке турнир құрылды; 7-9 турда швейцарлық жүйе қолданылды.

Қазақстандық шахмат федерациясы ФИДЕ бас төрешісі – халықаралық төрешісі Ержан Шакеновтың басшылығымен төрешілікті жүзеге асырды.

27 команданың ішінде компания қызметкерлері жүлделі 3 орынға ие болды, ал жеке біріншілікте Аманкелді Дасаев 25 қатысушы арасында екінші орынға ие болды.

«Богатырь»  спортшыларының тағы бір жетістігі Павлодар облысы чемпионатының бірінші матчындағы футбол командасының жеңісі болды. «Богатырь» командасы «Медикке» (Павлодар) қарсы  ойынмен бастапқы турды ашты. Сонымен, 4:1 есебімен «Богатырь Көмір» қызметкерлері жеңіске жетті. қарсылас қақпасына голдарды: Мұрат Ахметшарипов, тарту агрегатының машинисі, БЖКБ – 2; Ярослав Саденко, жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь, БЖКБ – 1; Бауыржан Омаров – 1 гол соқты.

Естеріңізге сала кетейік, 11 маусымда компания қызметкерлері арасында спорттық-сауықтыру кешенінде үлкен теннистен жарыс басталды.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі


Жаңалықтар тізіміне оралу