Таза ертең

10.06.2022

Дүниежүзілік қоршаған орта күні «Богатырь Көмірде» аумақтарды тазартуға бағытталған экологиялық акциямен атап өтілді.

Компания әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар мен цехтарға іргелес жатқан учаскелерді таза ұстауға көп көңіл бөледі. Өндірістік үдерістерді ескере отырып, құрылымдық бөлімшелер абаттандыру бойынша іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді. Бұл үшін қызметкерлер сенбіліктер ұйымдастырады, көгалдандырумен айналысады, қоқысты сұрыптау қағидаларын және ластануды болдырмау бойынша басқа да шараларды сақтайды.

Эколог күні қарсаңында серіктестік қызметкерлері тәртіпті сақтауға шақыра отырып, «Таза ертең» экологиялық марафонын іске қосты. Сондай – ақ, біріккен жастар қозғалысының белсенділері «Жасыбай» демалыс орталығында сенбілік өткізді - таза жағажай және демалыс үйінің аумағы демалушыларды қуантады.

Сіздер құрылымдық бөлімшелердің бейнероликтерін  @bogatyr.kz  аккаунтының сторисінен,   сондай-ақ  «Богатырь Көмір»  YouTube арнасынан көре аласыздар.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі


 

Жаңалықтар тізіміне оралу