Жолдың тазалығы үшін

02.06.2022

«Богатырь Көмір» компаниясының автопаркі «КамАЗ» базасында жаңа жол-коммуналдық машинасымен толықтырылды.

Жиып-тазалауыш машина жазғы кезеңде кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелеріне апаратын жол төсеміне су себуге және суландыруға, сондай-ақ қысқы кезеңде қар тазалауға және трассаға көктайғаққа қарсы материалдарды төсеуге арналған. Сатып алынған мамандандырылған техника жергілікті ауа райының – климаттық жағдайларына бейімделген. Жүргізушінің жайлы жұмысы үшін салон ауа баптағышпен және заманауи жылу жүйесімен жабдықталған. Сыйымдылығы 14 текше метр цистернадан, сурарып-жуатын жабдықтан және арнайы щеткадан басқа машинада алдыңғы және артқы тіркейтін құрылғы, сондай-ақ гидравликалық қайырма бар. Қозғалған кезде автомобильге қауіпсіздік пен көрінімді заманауи жарықсигналды аспаптар қамтамасыз етеді. Сонымен қатар машина жылтылдаған шамшырақпен жарақталған.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу