Кәсіби өзін – өзі дамыту мүмкіндіктері

21.04.2022

«Богатырь Көмір»  компаниясында қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға үлкен көңіл бөлінеді. Серіктестіктің оқу-курстық комбинаты негізінде 157 жұмысшы мамандығы бойынша оқыту жүргізіледі.

Әрбір қызметкер қалауы бойынша басқа мамандыққа қайта оқытудан, біліктілігін арттырудан, жоғары разрядқа оқытудан өте алады. Мәселен, 2021 жылы ОКК оқыту жобаларына 6 552 қызметкер қатысты. Оқу ағыны, 10 700 адаммен жоспарлау кезінде, 15 351 адамды құрады, оның ішінде:

- сыртқы оқыту шеңберінде - 220 адам,

– ішкі оқыту шеңберінде - 15 131 адам.

Оның ішінде оқыту нысандары бойынша өтті:

– 157 мамандық бойынша даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудан (разряд, санат) - жоспар 840/ нақты 1074 адам.

- ҚР нормативтік-құқықтық актілерімен регламенттелген міндетті оқытудан -жоспар 9430 / нақты 14077 адам, оның ішінде:

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, электр қауіпсіздігі, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласында – 13 922 адам;

-ҚР өзге нормативтік - құқықтық актілерінің көлемінде (ДипИФР оқыту, БМЖ дамыту, азаматтық қорғау бойынша семинар – тренингтер, бұзбайтын бақылау және техникалық диагностика бойынша мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру және т.б.) - 155 адам.

- кәсіби құзыреттілікті дамыту шеңберінде оқытудан (еңбек қызметі үдерісінде оқытудың үздіксіздігі формуласы бойынша) – 200 адам.       

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу