«Богатырь Барысы» қазақша күресі бойынша турнир

16.04.2022

Жауды шалқасынан жығып салу.  Бұл жай сөз емес, қазақ халқының көне ұлттық спорт түрлерінің бірі қазақ күресімен айналысатындар үшін басты мақсат. 

Бұл күрес «Богатырь Көмір» кәсіпорнында танымал және белсенді дамып келе жатқанын бүгін спорттық -сауықтыру кешенінің аренасында кәсіпорын қызметкерлері арасында өткен турнир растады.  Күрес боз кілеміндегі тартысты белдесулерге титулды спортшылар да, үміт беретін жас палуандар да қатысты.  Тартулар, шебер тартып алулар және, әрине, әсерлі лақтырулар - әрбір жекпе-жек соншалықты әсерлі және  кескілескен болды.

 Жарыстың нәтижесі әділ және лайықты болды.

 60 келіге дейінгі салмақта Иманбек Әлкенов 1-орынға, Алдияр Зейнула 2-орынға ие болды.

 66 келіге дейінгі салмақта: 1 орын - Мақсат Еркебұланов.  2 орын – Жанат Тайтұяқ, 3 орын – Серік Сексенбаев.

 74 келіге дейінгі салмақта: 1 орын – Нұржан Серікбаев, 2 орын – Дархан Шамбасов, 3 орын – Марлен Ерланұлы.

 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде: 1 орын - Эльдар Мұхтаров, 2 орын - Нұрланбек Саян.

 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде: 1 орын - Даулет Ишмамбетов, 2 орын - Райымбек Олжабай.

 90 келіден жоғары салмақта Нұрлан Дюсембаев жеңімпаз атанды.

 Турнирдің абсолютті чемпионы атағы үшін жекпе-жектен бас жүлдені Райымбек Олжабай жеңіп алса, Иманбек Әлкенов күміс, Нұржан Серікбаев қола жүлдегер атанды.

 Айта кету керек, жарыстардың барлық жеңімпаздары «ЕЭК» АҚ «Восточный» кенішінің ұйымдастыруымен өтетін алдағы ашық турнирде «Богатырь Көмір» командасының намысын қорғайтын болады.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу