Алюминшілерде қонақта

15.04.2022

«Самұрық-Энерго»  АҚ мен  «Еуразиялық Топ»  ЖШС арасында жасалған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ҚжЕҚ мәселелеріне жетекшілік ететін «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес ұйымдары басқармалары мен қызметтерінің мамандары «ERG» ЖШС еншілес ұйымдарының бірі Павлодар алюминий зауытына танысу сапарымен барды.

«Богатырь Көмір» ЖШС делегация құрамында АҚжәнеЕҚ бойынша басқармасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің бастығы Әділ Ибраев болды. Сапар барысында делегация мүшелері негізгі өндірістік цехтарды, оқу полигонын, бейнемониторинг орталығын, арнайы киім салонын және басқа да нысандарды аралады. Зауыттың құрылымдық бөлімшелерімен танысқаннан кейін тараптар ҚжЕҚ саласындағы проблемалық мәселелерді, еңбекті қорғау жүйесін ұйымдастыру мен оның жұмыс істеуін, жазатайым оқиғалар мен оқиғаларды тергеп-тексеруді талқылады. «ERG» ЖШС қызметкерлері ҚжЕҚ саласында тәжірибе алмасу, пікір алмасу мүмкіндігін жоғары бағалап, ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу