Баспасөз / жаңалықтар

Ең үздік көмір өндірушілерді марапаттады

27.07.2014

 

Биылғы жылы 20 тамызда өткен Шахтер күніне арналған салтанатты іс-шараларда «Богатырь Көмір» ЖШС-нің 300-ге жуық жұмысшыларына әр түрлі атақтармен және наградалар табысталып, құрмет көрсетілді. Олардың 30-ы «Шахтер Даңқы» төсбелгісінің толық иегері, 15-і – «Еңбек Даңқы» төсбелгісінің толық иегері атанды, 15 «богатырьлік» озаттар «Көмір өнеркәсібінің құрметті жұмысшысы» атағын алды.

Қалыптасқан дәстүр бойынша көрнекті кеншілерге олардың кәсіби мерекелері қарсаңында құрмет көрсетті және марапаттады. Кәсіпорыдағы және өндірістегі үлесі үшін «Богатырь Көмір» компания басшылығы және кәсіподақ комитеті өндірістің және атқарушы аппараттың жұмысшыларына құрмет көрсетті. Өйткені, бас директордың міндетін атқарушы Сергей Опанасенконың көмір өндірушілерге наградаларды табыстай отыра айтқаны, жалпы істе артық адам болмайды – көмір алыбымен байланысқан барлық мамандық – құрметке лайық.

Осы күндері әріптестер «Богатырь» кенішінің экскаватор машинистерінің арасындағы «Мамандығы бойынша ең үздік» байқауының жеңімпаздарымен жүлдегерлерін құттықтады. Оларға дипломдармен ақшалай сыйақылар табыстады. Бірінші орын алған конкурсанттарға «Мамандығы бойынша ең үздік» естелік ленталарын тақты.

27 тамызда «Богатырь Көмір» өкілдері ҚР көмір өнеркәсібінің жұмысшылары кәсіподағының Орталық комитетінің ведомстволық наградасы – І дәрежелі «Шахтер Даңқы» белгісінің табысталуына Астанаға аттанды. Биылғы жылы «Шахтер Даңқы» белгісінің толық иегері компанияның 30 жұмысшысы атанды.

Марина ПОНКРАТОВА

Сурет Юлия ВРУБЛЕВСКАЯНІКІ

Back to news list