Білім - алғашқы қорғаныс

14.04.2022

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орайластырылған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау айлығы шеңберінде «Богатырь Көмір» компаниясында қызметкерлер арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құжаттаманы білуге арналған конкурс өтті.

«Богатырь» кенішін, БЖКБ, ЭД, СжәнеКНД, ТЖЖЖД, ТКЖЖ зауытын таныстырған қатысушылар 30 минут ішінде 30 сұраққа жауап берді: 10 – өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша, 10 – өрт қауіпсіздігі бойынша, 10 – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құжаттаманы білуден «Богатырь Көмірдің»  үздік  жұмыскерінің есімі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі айлықтың барлық іс-шаралары аяқталғаннан кейін айтылатын болады.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу