Аса көрнекті адамды еске алу

22.09.2014

Спорт әлеміндегі «Богатырь»

 

Өткен демалыс күндері «Богатырь Көмір» компаниясының әкімшілігі және кәсіподақ комитеті алғаш рет Александр Иванович Шмеердің Жүлдесіне ардагерлер арасында футболдан көшпелі турнир өткізді. Биылғы жылдың күзінде осы көрнекті адамның өмірден өткеніне бір жыл толады. «Богатырь Көмір» кәсіподағының басшысы бола тұра, Александр Шмеер кәсіпорында спорттың дамуына зор үлес қосты. Кезінде ол көмір өндірушілердің командасында белсенді футболист болды. Ұйымдастырушылардың ойы бойынша жүлдені жыл сайын жасау шешілді.

«Естелік жүлдесі» бірінші матчында төрт бірдей команда қатысты – «Локомотив» (БЖКБ, капитаны Александр Петров), «Горняк» («Богатырь» кеніші, капитан Нұркен Бакишев), «Еңбек резервтары» (ТКЖЖ, атқарушы аппарат, капитаны Төлеген Муқанов) және «Автомобилист» (ТЖЖЖБ, капитаны Рамазан Иманғалиев). Кәсіпорында 40 жылдан аса жұмыс істеген сіңіскен футболист-ардагерлер және «Богатырь Көмір» жұмысшы жастарының ішінен жаңадан келгендерді де көруге болады.

Жүлделі орындар үшін футболистер 23 тамызда «Березка» демалыс орталығының шілдеде жаңартылған спорт алаңында жарысты. Ойын-сауықты кездесудің қорытындысы бойынша мәреге «Локомотив» және «Горняк» шықты. Соңғы ойында «Локомотив» 2:0 есебімен қарсыластарын құрғақтай талқандатты, сөйте тұра өздеріңе бірінші орынды қамтамасыз етті. Жеңімпаздар командасының құрамында Серік Мамалиев, Евгений Солошенко, Юрий Тюрин, Виталий Колесников, Александр Петров, Михаил Иванов, Дмитрий Минаков, Мұрат Ахметшарипов және Владимир Чепурнов ойнады.

«Естелік жүлдесінің» жүлдегерлерімен қатысушыларына естелік сыйлықтарын және бағалы сыйлықтар табыстаған «Богатырь Көмір» компаниясының басшылығы атынан бас директор Виктор Щукин бастаған және төрағалық еткен кәсіподақ ұйымының төрағасы Қайролла Туратаев болды.

Марина ПОНКРАТОВА

Сурет Анатолий БУТЫРИНДІКІ

Жаңалықтар тізіміне оралу