Баспасөз / жаңалықтар

Онжылдыққа тірек

17.01.2022

ТКЖЖ зауытында экскаватор-жөндеу цехының мамандарымен ЭШ 11/70 адымдайтын экскаватордың жаңа тірек базасын жинау жүргізіледі.

Тірек базасы – ол  қозғалу және бұрылу кезінде, сондай-ақ экскавация кезінде сүйенетін экскаватордың негізгі элементтерінің бірі. Оған айналмалы құрылғының ең маңызды бөліктері, мысалы, орталық шетмойын, тісті тәж, рельс және аунақшалы шеңберлер орнатылады. Оның салмағы 48 тоннадан асады.

Жұмыстың аяқталуымен әсерлі құрылымды жеке бөлімдер түрінде «Богатырь» кенішінің жұмыс алаңына жеткізеді, онда оны экскаваторға орнату жүзеге асырылады. Механикалық жинау жұмыстарын жүргізетін бригада басшысы Болат Әбдірасұловтың айтуынша, жаңа тірек базасын орнату тау-кен машинасының техникалық ресурсын кемінде 10 жылға арттырады.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Back to news list