Богатырь жылуы жылытады

14.01.2022

«Богатырь Көмір» компаниясы тегін бөлген бес жүз тонна көмір осы қыста Бозшакөл ауылының ең мұқтаж тұрғындарын жылумен жылытады.

«Нью Простоквашино» үйсіз жануарларды сауықтыру орталығына тегін 10 тонна көмір бөлуді сұраған «Бақытқа лайық» қоғамдық қорының өтінішіне де кәсіпорын бей-жай қарамады. Қоғам белсенділері өз хатында атап өткендей, қазіргі уақытта орталықта күтім мен емдеуді қажет ететін жүзден астам жануар бар. Компания ұсынған көмір оларға суық қыста аман-есен өмір сүруге мүмкіндік береді.

Серіктестік үшін аймақтың діни мекемелеріне көмектесу жақсы дәстүрге айналды. Жақында Ақкөл ауылындағы «Исабек Ишан» кесенесіне компания 50 тонна көмір тегін бөлді.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу