Тіркестегі стақан –қуанышқа

14.08.2014

 «Мамандығы бойынша ең үздік-2014» байқауы

 

Тіркес – локомотивтердің вагондармен тіркесуі – жылжымалы құрамның машинистерінің жұмыстарының ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл рәсімді жұмыс аусымы кезінде олар бірнеше рет жасайды. Бірақ та жылына бір рет «Богатырь Көмір» компаниясының Богатырь жүк тиеу – көліктік басқармасында теміржолшылар үшін бұл  үйреншікті үрдіс түрленді. Егер тіркесте аяқ жағы сумен толтырылған стақан пайда болса және  ыдыс  сәттілікке құлайды деген халық ырымы расталмаса онда – ол жақында келе жатқан мерекелердің  дұрыс белгісі: теміржолшылар Күніне, Шахтер күніне және оларға арналған басқарманың еңбек ұжымының белгілі өкілдері арасындағы «Мамандығы бойынша ең үздік» байқауы.

Өткен жылдардағыдай, ең үздік атағы үшін ОПЭ-1 айнымалы тоғының тартқыш агрегатының, «Степная» ЖҚД ТЭМ-2 тепловозының машинистері және «Ударная» ЖҚД ПЭ2М (У) тартқыш агрегатының машинистері жарысқа  түсті.

18 шілдеде, жарыстың бірінші күнінде, байқау шайқастары «Степная» ЖҚД 17 машинистері арасында ұйымдастырылды. Дәстүрлі «Мамандығы бойынша ең үздік» жауаптарының дұрыстығын және сынақнаманың аяқтау жылдамдығын бағалайтын теориялық бөлігінен басталды.

Машинистер тәжірибелік дағдыларын локомотивті депо жанындағытемір жолды жолдарда көрсетті. Олар локомотив тіркесін жылдамдыққа өткізу керек болды. Ең көп ұпай жинайтын тіркес жұмсақтығын тартқыш агрегатты тіркеген механизмде орнатылған суы бар стақан анықтады. Жұмсақ тіркес кезінде машинистер шеберлігінің шыны өлшеуіштерінен су шайқалмау керек, ал ең бастысы – стақан құламау және  сынбау керек. Өкінішке орай, бұл нормативке төзу барлығының қолынан келмеді. Бұл күнгі сәттілік ұқыптылардың және техниканы  керемет сезінетіндердің жағында болды. Өйткені тіркес толығымен қарамастан орындалады.

Нәтижесінде ОПЭ-1 машинистері арасында Александр Прокопенко үшінші орында, Александр Долженко – екінші, Ахмедья Имантаев – бірінші болды. Тартқыш агрегат машинистері ішінен 29 жасқа дейінгілерден жеңімпаз болып тұғырдың үшінші сатысына көтерілген, Пиковтардың «богатырьлік» еңбек әулетінің өкілі Максим Пиков, «күміс» иегері  22 жастағы Евгений Репников  атанды. Ол  және аталым жеңімпазы Александр Головлин байқауға  қатысушы машинистерінің ішіндегі ең жастары. Тепловоз машинистерінде көшбасшылар үштігін  Александр Горжанкин аяқтады, Владимир Захаров екінші орынға лайық деп танылды.  Үштікті Андрей Бутров басқарды.

Бір апта өткен соң осы тәріздес жекпе-жекте «Ударная» ЖҚД ПЭ2М (У) тартқыш агрегатының 8 машинисі қатысты. Олардың көпшілігі -  байқау дебютанттары. Мұнда да сәттіліксіз өтпеді. Бірақ та,  БЖКБ директоры Александр Григорьев айтқандай,  «Мамандығы бойынша ең үздікте» жеңілгендер жоқ, өйткені барлық қатысушылар өздерін көреді, өздерінің әлсіз және күшті жақтарын байқайды, жұмыста жетіледі.

Құрмет тұғырын осы күні тиісті үшінші, екінші және бірінші орын алған Дмитрий Макушин, Александр Гамаля және Айдын Шаймерденов бөлісті. Жеңімпаз кубогының иегері Айдын Шаймерденов бұл байқауда үшінші орында алғанын айтты. Осы жолы жеңіске жету үшін оған күшті байқап қарасақ, оның 12 жастағы ұлы Рүстем берген сияқты. Ұлы жанкүйер ретінде әкесінің жұмыс орнында алғаш болып көргендерден  көп әсер алды десекте болады. -  Байқау маған өте қатты ұнады. Маған әкемнің жұмысы және оның локомотиві ұнайды. Болашақта, мен әкемге тартып машинист болатын сияқтымын, - өз ойымен бөлісті Рүстем.

Байқау жүлдегерлері бағалы сыйлықтар және ақшалай сыйақылар алды. Қалған байқауға қатысушыларды  қатысқандары үшін ынталандыру сыйлықтарымен атап өтті. Одан басқа жеңімпаздар үшін тосын сый дайындады: барлығы жыл аяғына дейін өздерінің еңбек ақыларына қосымша ретінде 10 мың тенге алатын болады.

БЖКБ басшылығының айтуынша, келесі жылы, байқау шарттары, мүмкін, қайта қаралатын болады. Сондықтан да ол жанашыл түрде өтуі мүмкін.

 

Марина ПОНКРАТОВА

Сурет автордікі және Юлии ВРУБЛЕВСКАЯНІКІ

 

Жаңалықтар тізіміне оралу