Құрметті кенші мен азаматтың мерейтойы

29.12.2021

Көмір өнеркәсібінің ардагері, «Шахтер даңқы» белгісінің толық иегері, Екібастұздың құрметті азаматы, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рамазанов Самат Жайынұлы 70 жылдық мерейтойын атап өтуде.

Мерейтой иесіне салтанатты құрмет көрсету рәсімі бүгін  «Атамұра» ҚМО-да өтті. Ақсақалды айтулы күнмен қала әкімі Ардақ Қаңтарбаев құттықтап, Павлодар облысы басшысының құттықтау хатын оқыды. Өңірді дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хатты қалалық мәслихат хатшысы Болат Құспеков табыс етті. Мерейтойлық датаға орай ардагерге  «Богатырь Көмір»  басшылығы мен еңбек ұжымының атынан бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары, қалалық мәслихат депутаты Серік Макаров жақсылық пен амандық тіледі:

- Бүгін Сізді осы айтулы күнмен құттықтау мен үшін үлкен мәртебе. Сіздің атыңыз Екібастұздың әрбір кеншісіне жақсы таныс, өйткені Сіз Екібастұз кен орнын игеру ісінде өшпес із қалдырған кеншілердің талантты саңлақтарының жарқын өкілдерінің бірісіз. Сіздің барлық марапаттарыңыз – бұл Сіздің еңбегіңіздің лайықты бағасы. Сізге мықты денсаулық тілеймін, осындай позитивтік қалпыңызда қала беріңіз.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу