Жұмысқа «Фермер» қосылады

26.11.2021

Жаңа жүк-жолаушы «Фермер» УАЗ-390945 «Богатырь Көмір» компаниясының автопаркін толықтырды.

Машина кеніште өнеркәсіптік жарылыстарды жүргізу кезінде қолданылатын аммиак селитрасын тасымалдауға арналған.

УАЗдың басты артықшылығы – классикалыққа айналған жолдан тыс жерлерде жоғары өткізгіштігі, сонымен қатар кабинаның сыйымдылығы.

«Фермерде» бес жолаушы орны бар, бірақ тағы бір маңызды нәрсе – олардың барлығы қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған. Автомобиль жергілікті климаттық жағдайларға толығымен бейімделген. Кең шанақпен жабдықталған машина салмағы 1 тоннаға дейінгі жүктерді тасымалдауға қабілетті. Тенттің алмалы-салмалы қаңқасы ірі габаритті жүктерді тасымалдауға мүмкіндік береді. Қауіпсіз қозғалыс үшін жыпылықтайтын шамшырақ бар. Алдағы күндері машина жолға шығады.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу