«Богатырь Көмірдегі» алғашқы тартқыш робот

23.11.2021

Тарихи сәт. Богатырь кенішінде циклдық-толассыз технологияны енгізумен пайдаланылатын vollert PRO TANDEM DER-300 тартқыш роботының бірінші секциясы Богатырь жүк тиеу-көлік басқармасының «Степная» станциясына келіп түсті.

Германиядан арнайы платформада келіп, қуатты қозғалтқышпен жабдықталған «ақылды локомотивтің» 77 тонналық секциясы қабылданды және екі кранның көмегімен коммерциялық дирекция мен БЖКБ мамандары жөнелтілді. Электр жабдықтарын қамтитын тартқыш роботтың екінші бөлігі Екібастұзға шамамен 4 аптадан кейін келеді деп күтілуде. Осыдан кейін, Vollert өкілінің басшылығымен машинаны толық құрастыру жүзеге асырылады.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу