Құқық бұзушы ата-аналарды ескертті

23.07.2014

Акция

 

Өткен сенбіде қаламыздың ІІБ қызметкерлері «Богатырь Көмір» ЖШС «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен және жастар қозғалысының белсенділерімен бірлесіп, өз балаларына қауіп төндіріп, жол жүру ережелерін елемейтін, ниеті дұрыс емес жая жүретін ата-аналарды аулауға шықты.

Бірлескен рейдтің қатысушылары ЖҚЕ елемейтін жаяу жүргіншілерді анықтау бойынша операцияны қаламыздың жол қозғалысының ең маңызды қызу жерлерінде құрды: «Өнер» ҚМО маңында, «Макси Мол» және «Богатырский» универсамының ауданында. Сөзге келсек, бұзушылар көп күттірген жоқ. Айтқандай-ақ, біздің қалада рұқсат етілмейтін жерлерде өтетін бөлік арқылы балаларды өткізу - ата-аналардың, ата-әжелердің арасында – танымал әрі сүйікті іс. Бірақ өте қауіпті. Жол полициясының жұмысшылары ЖКО саны жая жүргіншілердің кінәларынан жылдан жылға төмендемей өсіп жатқанын баяндайды. Солардың ішінде үлкен есеппен ауыр жарақатты, өз жеңілтіктері және мезгілсіз сәттілікке үміттері үшін өз-өздерін жазалай отыра, оқиғаның өз куәгерлері алады. Ал ең қорқыныштысы, жол қозғалысының ең кішкентай қатысушыларының өмірлері жиі қиылады.

Рейдті өткізудің екі сағат ішінде оның ұйымдастырушылары қай жерде болсын өте беретін 25 ата-анаға және балаларына «өз орындарын көрсетті», яғни жаяу жүргіншілердің өту жолын көрсетті. Өз қателіктерін ата-аналар мойындады және түзетуге сөз берді. Оларға сенді, бірақ келешек жағдайда керек болады деп, «Богатырь Көмір» ЖШС жұмысшылары ішінен «Нұр Отан» партиясының мүшелерімен дайындалған жаднамаларды табыс етті. Сонымен, қала құрушы кәсіпорын екібастұз жолдарында жол-көлік оқиғаларымен жарақаттануды алдын-алу ісіне өз үлесін қосты десекте болады.

Бірінші жолы бұзушылар ескерту алды. Бірақ та рейд ұйымдастырушылары оларға айыппұл төлемі жайында хабардар етті: жолдағы осы тәріздес қылықтар үшін – 5 КАМ және бір маңызы бар нәрсені естеріңде сақтауларын өтінді: балалар әрдайым ата-аналарынан үлгі алады. Ағылшын мақалында былай делінген: «балаларынды тәрбиелемендер, олар бәрібір өздеріңізге ұқсайды. Ең алдымен өздеріңді тәрбиелеңдер».

Марина ПОНКРАТОВА

Сурет Илья ГОЛОВИНДІКІ

Жаңалықтар тізіміне оралу