Құрастыру жолында

22.11.2021

Болашақ ЦТТ кешені үшін екінші тартқыш роботты жинау қазір Вайнсберг қаласындағы (Германия) Vollert фирмасының зауытында жүріп жатыр.

Локомотив жартылай вагондарды көмірмен тиеу үрдісінде автоматты режимде құрамдарды біркелкі тарту үшін пайдаланылатын болады. Vollert PRO TANDEM DER -300 маневрлік екі секциялы алты осьтік тепловоздың артықшылығы оның үш режимде басқарылатындығын қамтиды: қолмен, қашықтан (джойстик арқылы) және автоматты. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қазан айына дейін осындай 5 тартқыш дайындалып, жеткізіледі. Олардың алғашқысы осы айда келеді деп күтілуде. Қазақстанның темір жолы мен көмір саласының тарихы үшін бұл алғашқы маневрлік тартқыш роботтар болады.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу