Богатырлық жастардың игі істері

18.11.2021

БЖҚ белсенділері «Игі істер марафоны» жалпыұлттық жобасына қатысуды жалғастыруда.

Жыл сайын атап өтілетін Халықаралық зағиптар күніне орай «Богатырь Көмір» компаниясының жастары кәсіпорынның қолдауымен «Жарық» қоғамының Екібастұз оқу-өндірістік орталығының нашар көретіндерге арналған шай кешін ұйымдастырды.

Достық әңгіме барысында шай мен кең жайылған дастархан басында жастар өздерінің игі бастамалары туралы айтып, «Жарық» қоғамының мүшелеріне денсаулық пен амандық тіледі. БЖҚ белсенділері үшін осындай қайырымдылық акцияларын өткізу игі дәстүрге айналды, олардың әрқайсысына жастар жан жылуының бөлігін береді.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу