Біздің чемпион
25.10.2021
NOMAD MMA аралас жекпе-жектен әлем чемпионы атағын «Богатырь Көмір» ЖШС автобазасының бас инженері Алтынбек Искаков жеңіп алды.
Беделді турнирдің алтын медаліне богатырлық спортшы 91 кг салмақ дәрежесінде ие болды.
Айта кетейік, біріншілік 18-22 қазан аралығында Қарағандыда өтіп, әлемнің 18 елінен 623 күрескер жиналды.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.