Көмір саласының келешегі туралы

21.10.2021

Бүгін Нұрсұлтан қаласында жаңа экологиялық реттеу жағдайында көмір саласын дамыту мәселелеріне арналған Қазақстан Республикасы Көмір өнеркәсібінің II Форумы өтті. Іс-шараны тау-кен өндірушілері  және тау-кен металлургиялық кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы (ТМКҚ) ұйымдастырды.  

«Богатырь Көмір» ЖШС бас директорының орынбасары Мирхат Мұсанап «Қазақстанның энергетикалық көмір нарығының болашағы» тақырыбында баяндама жасады. Мирхат Мұсанап өз баяндамасында  әзірленіп жатқан Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу Доктринасы шеңберінде энергияға көшу жоспарларымен байланысты көмір саласының негізгі проблемалық сәттеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Атап айтқанда, саланы дамытудың нақты стратегиясының болмауы көмір өндіру көлемін ұзақ мерзімді жоспарлауда, көмірге сұраныстың ауытқуларын ескере отырып, болашақта тұтынушылар алдындағы міндеттемелерді орындауда белгісіздік тудыратынына назар аударды. Ең бастысы – көмір компанияларына көмір өндіру деңгейін қолдау және ұлғайту жөніндегі жобаларға ұзақ мерзімді инвестициялар көлемін есептеуге мүмкіндік бермейді. Аталмыш  мәселені шешу үшін «Богатырь Көмір» өкілі құрамына көмір өндіруші кәсіпорындардың мамандарын енгізе отырып, көмір және энергетика саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді стратегиясын дайындау жөніндегі жұмыс тобын құруды ұсынды. Бұл қадам Қазақстанның көміртектік бейтараптығына қол жеткізу бойынша жоспарларды іске асыру жағдайында тау-кен өндіруші кәсіпорындардың дамуын айқындайтын практикалық шараларды әзірлеуге мүмкіндік берер еді. Форум жұмысының қорытындысы бойынша резолюция қабылданды, оған «Богатырь Көмір» компаниясының ұсыныстары да кірді.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу