Адамдар үшін тірек

14.10.2021

«Богатырь Көмір» Қоғамдық қоры 2020 жылдың соңында «Богатырь Көмір» Корпоративтік қоры болып қайта аталды, күні бүгінде кәсіпорынның 2 000-нан астам жұмыс істемейтін зейнеткер-ардагерлеріне, мүгедектеріне, еңбек майданының қатысушыларына және тағы басқа көптеген жандарға  әлеуметтік қолдау көрсетуді жалғастыруда.

Ағымдағы жылдың 9 айында «Богатырь Көмір» корпоративтік қоры қайырымдылық мақсаттарға 93 миллион теңгеден астам қаражат жіберді.

Мүгедек балаларды емдеу құнын ішінара өтеу және жұмыс істемейтін зейнеткерлерді операциялық емдеу үшін 515 229 теңге төленді.

18 жасқа дейінгі 3 және одан да көп балалары бар отбасыларға қайырымдылық көмекке 379 210 теңге, ал жалғызбасты аналарға, жесірлерге/әйелі қайтыс болған азаматтарға, сондай-ақ осындай жастағы балалары барларға 60 000 теңге бағытталды.

2051 жұмыс істемейтін зейнеткер жалпы сомасы 17 670 446 теңге жылумен қамтамасыз еткені үшін есепке алу нысанындағы тоқсан сайынғы көмекті алды. Қордың қамқорлығының арқасында пешпен жылытылатын үйлерде тұратын жұмыс істемейтін ардагерлер, мүгедектер, шахтерлердің жесірлері осы қыста көмірмен қамтамасыз етілді. 21 отбасы 10 тонна көмірді тегін алды.

Жеңіс күніне орай 26 тыл еңбеккері жалпы сомасы 260 000 теңгеге азық-түлік жиынтықтары мен мерекелік жәрдемақы алды. Шахтер күніне орай 2040 ардагер-кеншіге жалпы сомасы 9 180 000 теңге төлем жасалды. Мерейтойлық күндерге 354 жұмыс істемейтін зейнеткерге барлығы 2 651 000 теңге төленді. 3-дәрежелі «Шахтер даңқы» белгісінің 234 ардагер-кавалеріне ай сайынғы төлемдер 28 952 899 теңгені құрады.

Қайырымдылық көмек ретінде жерлеуді ұйымдастыруға және өткізуге 21 773 985 теңге бағытталды.

Қалған қаражат тұрмысы төмен қызметкерлерге, жұмыс істемейтін зейнеткерлерге, еңбек майданына қатысушыларға, мүгедектерге, өмірлік қиын жағдайға тап болған қызметкерлерге, сондай-ақ қайырымдылық көмектің өзге де түрлеріне бөлінді.

Корпоративтік қор бұрынғыдай кәсіпорын қызметкерлері мен ардагерлері үшін сенімді тірек болып қала береді.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу