Адамдардың денсаулығы үшін

07.10.2021

«Богатырь Көмір» компаниясы әлеуметтік әріптестік туралы Меморандум аясында Екібастұз қалалық ауруханасына «INFORM» ИБП-120Ква-120кВт үздіксіз қуат көзін сатып алу үшін қалаға 7 800 000 теңге бөлді.

Сатып алынған трансформатор Siemens фирмасы шығарған, құны 650 мың еуро, жуырда сатып алынған «Somatom GoTop» жаңа компьютерлік томографын электр желісіндегі кернеудің ауытқуынан қорғауға мүмкіндік береді.

Бүгін Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаев пен «Богатырь Көмір» ЖШС бас директорының орынбасары Мирхат Мұсанаптың қатысуымен заманауи диагностикалық аппаратпен жабдықталған жаңа медициналық кабинеттің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара барысында қала басшысы Ардақ Қантарбаев, сондай-ақ қалалық аурухананың бас дәрігері Мұхаметқайыр Андосов «Богатырь Көмір» компаниясына үнемі көрсетіліп отыратын қолдаулары үшін алғыс білдірді.

Айта кетейік, кәсіпорын Екібастұз аймағының бас емдеу мекемесін техникалық жабдықтандыруға бірнеше рет көмектесті. Серіктестік бөлген қаражатқа аурухана бөлімшелері үшін түрлі медициналық жабдықтар, жиһаз және тұрмыстық техника сатып алынды.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

Жаңалықтар тізіміне оралу