«Білікті бір қызметкер мың адамға татиды»

16.07.2014

Басқарудың тиімді тәсілдері

 

 

Өткен жұмада осы жылғы «Lean Six Sigma» («Ұқыпты басқару және алты сигма») бағдарламасының қатысушылары атанған «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлері BMGI компаниясының «Сары белбеу» деңгейінің сертификаттарына ие болды.

«Lean Six Sigma» (LSS) бағдарламасы көмір кәсіпорнында осыдан төрт жыл бұрын табысты ендірілген. Осы уақыт аралығында «Жасыл» және «Қара белбеу» деңгейінде компанияның 60-тан астам қызметкері оқытылған. Биыл 22 адам білімін шыңдауда.

Бағдарламаның мәні – сапаны жетілдіру, шығындарды қысқарту және жаңа мүмкіндіктерді жасаудың арқасында болашағы бар қызметкерлерді бизнес-процесстерді тиімді ұйымдастыруға тарту. Қарапайым сөзбен айтқанда, бағдарлама қатысушылары оқытыла отыра, жоба әзірлейді. Аяқталған жоба бір жағынан кәсіпорынға материалды пайда әкелсе, екінші жағынан, жоба менеджері мен жоба командасының мүшелеріне олардың негізгі жалақысының үстіне қол жеткізген экономикалық нәтижесіне қарай қосымша табыс алуына мүмкіндік береді.

Команда неғұрлым білікті болса, әзірлеменің тиімділігі соғұрлым жоғары болады. Осыған байланысты биылғы жылы LSS бағдарламасы аясында «Сары белбеу» бағдарламаның негізгі қатысушылары – процесс иелері, кәсіпорынның бас мамандары мен экономистері оқытыла бастады. Қазіргі уақытта «Сары белбеу» деңгейіне «Lean Six Sigma» қатысушыларының екінші дүрмегі оқытылып жатыр. Бірінші топ осы жылдың сәуір айында курсты тәмамдап, сертификатқа ие болды.

Компанияның бас директоры Виктор Щукин құжаттар мен «Lean Six Sigma» арнайы төсбелгілерін тапсыра келе, «Богатырь Көмір» ЖШС-нің жеті мыңға жуық қызметкерлері арасында өте тамаша мамандардың көп екенін атап өтті. Олар өз міндеттерін атқарумен қатар өндірістік үрдістерді үздіксіз жетілдіру жүйесіне қатысқаны үшін қосымша табыс таба алады. Сондай-ақ, басшылық алдағы уақытта көптеген компания қызметкерлері «Lean Six Sigma» оқуынан өтетіндігіне сенім білдірді.

- «Біз жұмыс үрдісін ең жоғары деңгейде қайта өзгертпекпіз. Кәсіпорында қажетсіз ештеңе болмайтын болады. Барлығы да қажеттілік бойынша болмақ. Әр қызметкердің тиімді еңбек етуі жалпы нәтижеге әсер етпек. Білікті бір қызметкер мың адамға татиды» - деп «Богатырь Көмір» компаниясының басшысы өз ойын қорытты.

Марина ПОНКРАТОВА

Суреттерді түсірген - Юлия ВРУБЛЕВСКАЯ және Анатолий БУТЫРИН

Жаңалықтар тізіміне оралу