Эстафетаны қостады

24.07.2021

«Богатырь» кенішінің экскаваторшыларынан кейін «Мамандығы бойынша үздік» атағы үшін өндірістік жарысқа Богатырь жүк тиеу-көліктік басқармасы локомотивтерінің машинистері қатысты.

Алғашқы болып өздерінің білімдері мен дағдыларын ОПЭ-1 тартушы агрегат, сондай-ақ ТЭМ2У тепловоз  машинистері көрсетті. Әдеттегідей, алдымен конкурсқа қатысушылар машинаның құрылысы, оларды пайдалану мен техника қауіпсіздігінің ережелері бойынша тест сұрақтарына жауап берді. Әрқайсысына барлығы 50 сұрақ берілді. Конкурстың тәжірибелік кезеңінде олардан шектен тыс интуиция талап етілді. Өйткені олар кермені соғып алмастан, өз локомотивтерін орнатылған металл тақтайшаға барынша жақындатулары қажет еді. Тапсырманы орындау үшін қатысушыларға екі талпыныс берілді. Берілетін балдардың саны тақтайшаға қандай ара қашықтықта жақындағанына тікелей байланысты болды. Неғұрлым жақынырақ барса, соғұрлым балдары жоғары болады. Жұмсалған уақыт та назарға алынды. Конкурсқа қатысушылардың екі турда алған балдары жинақталды. Сол арқылы локомотив машинистерінің арасындағы кәсіби шеберлік конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. «ОПЭ-1 үздік машинисті» атағы және бірінші орын Д.Ольховқа берілді, екінші орынды Р.Закирьянов жеңіп алды, үшінші орынды К.Рябов алды. ТЭМ2У тепловоз машинистерінің арасында үздік нәтижені А.Наурызбеков көрсетті, В.Жартовский екінші орынға ие болды, М.Максимовқа үшінші орын берілді. Жеңімпаздарға гүлдермен және грамоталармен бірге лайықты кубоктар, жүлдегерлерге естелік медальдар берілді. Бірінші орын алғандарға жүлде ретінде карточкалық шоттарына 25 000 теңгеден, күміс жүлдегерлерге – 20 000 теңгеден, ал «қола» иегерлеріне – 10 000 теңгеден аударылады. Сонымен қатар, жеңімпаздарға келесі жыл бойы ай сайын еңбекақыларына 15 000 теңге көлемінде ақшалай үстеме төленеді.  Конкурсқа қатысушылар да сыйлықсыз қалмады, олардың барлығына ынталандыру сыйлықтары берілді.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу